Жер қорына талдау жүргізілді

Жер қорына талдау жүргізілді

    Өткен жылы жер учаскелерін пайдаланбаған және оны ҚР заңнамасы талаптарын бұза отырып пайдаланған тұлғалар туралы мәліметтер мемлекеттік кірістер департаментіне жолданды. Нәтижесінде департамент тарапынан тиісті шаралар атқарылып, көлемі 28853,3 гектар болатын 233 жер учаскесі үшін 19919,5 мың теңге қосымша салық есептелді. Бұл Қызылорда облысы бойынша жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Қанатбек Серікбаевтың Өңірлік коммуникациялар орталығында  өткен брифингте келтірген мәліметтерінің бір парасы.     
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 ақпан 2019 г. 468 0
Туған жермен танысты

Туған жермен танысты

Мемлекет басшысының бастамасымен басталған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы -  бұл – шын мәнінде ұлттық деңгейлі ауқымды жоба. Осы бағдарламаға байланысты  Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі және №5 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, рухани жаңғыру аясында Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінде кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, туған жеріңе деген патриоттық сүйіспеншілікті арттыру мақсатында Қармақшы ауданының тарихымен таныстырылды.   
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 ақпан 2019 г. 450 0
Құтқарушылар көмекке келді

Құтқарушылар көмекке келді

29.01.2019 жылы 13 сағат 30 минутта Шиелі ауданы, «Жезқазған-Қызылорда» а втокөлік жолының 208 шақырымында ТЖД, ТЖК «ОӨАЖҚЖ» ММ күшімен қар құрсауынан тазартыл ған аумаққа 25 автокөлік, Қызылорда қаласына бағыт алған 12 автокөлік  тартып шығарылды. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 ақпан 2019 г. 427 0
Әлемдегі ең қауіпсіз елдер. Қазақстан қай орында?

Әлемдегі ең қауіпсіз елдер. Қазақстан қай орында?

Global Finance журналы әлемдегі ең қауіпсіз елдердің рейтингін жариялады. Көш басында Исландия мемлекеті тұр. Ал Қазақстан 44-орынға жайғасқан. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 ақпан 2019 г. 491 0
Бірқатар өңірлерде кәмелетке толмаған балалар арасында қылмыс көрсеткіші артқан

Бірқатар өңірлерде кәмелетке толмаған балалар арасында қылмыс көрсеткіші артқан

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің төрағалығымен өңірлерді қосу арқылы бейнеконференцбайланыс режимінде ҚР Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 ақпан 2019 г. 399 0
Еліміздің басым бөлігінде қар жауады - 1 ақпанға ауа райы болжамы

Еліміздің басым бөлігінде қар жауады - 1 ақпанға ауа райы болжамы

1 ақпан күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 ақпан 2019 г. 410 0

МАЛ БАСЫ КӨБЕЙІП, ӨНІМ КӨЛЕМІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық үш басқарманың 2018 жылғы атқарған     жұмыстары баяндалды. Алғашқы кезекте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сейілбек Нұрымбетов Елбасының қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімін 2,5 есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасына орай құрылған жоспарға және Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2021 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 ақпан 2019 г. 367 0
Екінші рет жасалған ұрлық ауыр қылмыс саналатын болды

Екінші рет жасалған ұрлық ауыр қылмыс саналатын болды

Қазақстанда бірнеше рет жасалған ұрлық «ауырлығы орташа» қылмыс санатынан «ауыр қылмыс» санатына ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 қаңтар 2019 г. 764 0
Қызылорда да ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қызылорда да ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктер Қызылорда мен Шығыс Қазақстан облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.  
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 қаңтар 2019 г. 869 0
Елімізде мемлекеттік қызметкерлер енді фитнеспен тегін айналысады

Елімізде мемлекеттік қызметкерлер енді фитнеспен тегін айналысады

Қазақстандық мемлекеттік қызметкерлер жұмыс уақытын тиімді пайдаланатын болды. Оларға қолайлы еңбек шарттары жасалуда деп жазады NUR.KZ.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 қаңтар 2019 г. 993 0