Қызылорда да ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктер Қызылорда мен Шығыс Қазақстан облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.  

1 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде қалың қар түседі. Өңірдің кей жерлерінде бұрқасын болады, оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып күші 15-20,  екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал. Ертең Өскемен қаласында бұрқасын, оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып cоғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін күтіледі. 

1 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді, екпіні 25 м/с сақталады. Еске сала кетсек, бүгін де еліміздің басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болды. 


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 қаңтар 2019 г. 868 0