Қызылордадағы шыны зауытының дайын өнімдер қоймасы бітуге жақын

Қызылордадағы шыны зауытының дайын өнімдер қоймасы бітуге жақын

Бұл алып жоба индустриялдық аймақтың 50 гектарын алып жатыр. Қазіргі таңда дайын өнім қоймасының құрылысы аяқталуға жақын, металл құрылымдау жұмыстары аяқталып, сыртқы қабырғалары қаланып жатыр. Дайын өнім қоймасының ұзындығы 300 метр, ені 150 метрді құрайды. Мамандар жоспарға сәйкес қойма сәуір айында толық бітеді деп отыр. Ал мамырда зауытқа қажет барлық құрал-жабдықтары алып келінеді. Шетелдік инвесторлар зауыт Орталық Азияда теңдесі жоқ жаңа технологиямен жабдықталатынын жеткізді. Құрылыс жұ­мыстарына 200-ге жуық адам мен отыздан астам техника жұмылдырылып отыр. Жұмысшыларға бар жағдай жасалған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 наурыз 2016 г. 768 0
Аралда шахмат пен дойбы жарысы өтті

Аралда шахмат пен дойбы жарысы өтті

   Арал аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен №262 мектеп-гимназиясында КСРО спорт шеберлігіне үміткер Тілектес Серғазиев пен шахматтан КСРО спорт шеберлігіне үміткер Әбдіқалық Өтегеновті еске алу мақсатында аудан тұрғындары арасында дойбыдан турнир өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 наурыз 2016 г. 970 0
Үшемдер өмірге келді

Үшемдер өмірге келді

Бүгін облыстық перинаталды орталықтан өмірге үшем әкелген 23 жастағы Байкен Бота отбасына оралады, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Айша, Хадиша, Райяна атты сәбилерді, үйінде екі ағасы күтіп отыр. Әкелері "Абзал и К" компаниясында жүргізуші болып жұмыс жасайды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 наурыз 2016 г. 641 0
«Қызылорда-Жезқазған» бағытына қатынайтын жолаушылар пойызы жолға шықты

«Қызылорда-Жезқазған» бағытына қатынайтын жолаушылар пойызы жолға шықты

Бүгін Сыр елінен «Қызылорда-Жезқазған» бағытына қатынайтын алғашқы жолаушылар пойызы жолға шықты. Айта кетейік, бұл жоба «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 наурыз 2016 г. 918 0
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қайта жаңғыртылды

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қайта жаңғыртылды

Бүгін қайта жаңғыртудан өткізілген облыстық тарихи-өлкетану музейінің жаңа экспозициясының ашылу рәсімі өтті. Шараға аймақ басшысы, жергілікті қылқалам және қолөнер шеберлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 наурыз 2016 г. 1 071 0
Марста тіршілік іздейтін ExoMars-2016 миссиясы Байқоңырдан ұшырылды

Марста тіршілік іздейтін ExoMars-2016 миссиясы Байқоңырдан ұшырылды

Еуроодақ пен Ресей ынтымақтастығының тарихында алғаш рет Марстағы тіршілікті зерттейтін ЕxoМars-2016-ны (ЭкзоМарс-2016) алып «Протон-М» зымыран тасушысы Байқоңырдан ұшырылды, деп хабарлады ресейлік «РИА Новости» агенттігі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 наурыз 2016 г. 662 0
Қазақ-түрік лицейі «Білім және денсаулық» көрмесін ұйымдастырды

Қазақ-түрік лицейі «Білім және денсаулық» көрмесін ұйымдастырды

Кеше Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық драма театрында №10 қазақ-түрік лицейі оқушылары жетістіктерінің «Білім және денсаулық» көрмесі өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 наурыз 2016 г. 742 0
ХҚКО мамандары 100 жастағы әжеге жеке куәлік табыс етті

ХҚКО мамандары 100 жастағы әжеге жеке куәлік табыс етті

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы Сырдария аудандық бөлімінің ұжымы Н.Ілиясов ауылының тұрғыны 100 жастағы Балшай Махамбетоваға жеке куәлігін табыстады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 наурыз 2016 г. 654 0
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ПОЙЫЗЫ ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНА КЕЛДІ

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ПОЙЫЗЫ ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНА КЕЛДІ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай жасақталған «Мәңгілік ел» пойызы Қазалы ауданына келіп тоқтады. Қазалы жұрты теміржол вокзалында пойызды ерекше салтанатпен қарсы алды. Қонақтарды күтіп алу салтанатында аудан әкімі Нажмадин Шамұратов: "«Мәңгілік ел» пойызының ауданымызда болуы - біз үшін үлкен мәртебе. Сондықтан, бүгінгі сапарларыңызға сәттілік тілеймін!" - деді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 наурыз 2016 г. 854 0
Апта ішінде Байқоңыр ғарыш айлағынан үш зымыран ұшырылады

Апта ішінде Байқоңыр ғарыш айлағынан үш зымыран ұшырылады

Наурыз мерекесі қарсаңындағы аптада Байқоңыр ғарыш айлағы тығыз жүктемемен жұмыс істейтін болды. 2016 жылғы 12-19 наурызда Байқоңыр ғарыш айлағынан үш ұшырылым жүзеге асырылмақ.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 наурыз 2016 г. 866 0