Қарашаның 2-сі күні теңізге қайықпен балық аулауға шыққан
Арал ауданының екі балықшысы жоғалып кеткенін бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Шұғыл брифингте облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаев іздестіру жұмыстарының әлі де нәтиже бермей жатқанын айтқан.
Арал аудандық жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімі басшысы Шерхан Есжанов хабарлағандай, жоғалған екі азаматтың біреуі, яғни Арал қаласының тұрғынының өлі денесі 5 қараша күні сағат 16-00 шамасында №8 балық аулау учаскесінен табылды. Екінші балықшыны іздеу жұмыстары жалғасуда.
Айта кету керек, «Бақыт» шаруа қожалығының балықшылары 2 қараша күні таңертең сағат 10-ның шамасында теңізге балық аулауға кеткен.