Екінші қараша күні Арал ауданында теңізге қайықпен балық аулауға шыққан екі балықшы 3 күннен бері табылмай жатыр. Шұғыл брифингте облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаев іздестіру жұмыстарының әлі де нәтиже бермегенін айтады.
– Төтенше жағдай департаментінің құтқарушы мамандары дрон арқылы аумақты іздеп, одан бөлек жергілікті атқарушы органдары балықшылармен бірігіп, кеше 16, бүгін 20 қайық болып іздестіру жұмысын жалғастырып жатырмыз, – деді ол.
Айта кету керек, балықшылар «Бақыт» шаруа қожалығынан 2 қараша күні таңертең онның шамасында теңізге балық аулауға кеткен. Олар – 93 және 94 жылғы облыс тұрғындары.
Шынар БЕКБАН,
"Сыр бойы".