АГРАРЛЫҚ САЛАНЫҢ  АЛЫМДЫ ҚАДАМЫ

АГРАРЛЫҚ САЛАНЫҢ АЛЫМДЫ ҚАДАМЫ

Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында ауыл шаруашылығында бизнестің дамуына, фермерлер кооперациясы процесіне бөгет жасайтын кедергілерді жою міндеті қойылған.
ЖАРНАМА 06 қаңтар 2018 г. 813 0
ҚАСИЕТТІ ОРЫНДАР – ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ

ҚАСИЕТТІ ОРЫНДАР – ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ

Киелі өңірдің «Сыр – Алаштың анасы» деп аталуы тегін емес, оған  қазақтың қара шаңырағы болған жерімізде тас дәуірінің іздері – сақ, ғұн, қаңлы тайпаларынан қалған тарихи-мәдени ескерткіштер, Сыр жағасындағы көне қалалардың орындары, «Ұлы Жібек жолының» батыс пен терістікке шығатын тоғыз жолдың торабы болуы, алғашқы тайпалық бірлестіктердің және ортағасырлық мемлекеттердің орталығы болуы және т.б. дәлел. Сыр бойының бас қаласы – қазақтың тұңғыш астанасы болған Қызылорда өңірінің  тарихы терең, киелі мекен ретінде ежелгі және орта ғасырлардағы ұлттық мәдени құндылықтарымен ерекше­ленеді. Төрт бірдей мемлекеттің астанасы болған ұлан-байтақ даламызға кеңес өкіметі киелі атаулының тамырына балта шабуға барын салған болатын. Француздар киелі жері Нотр-Дамды мақтан тұтса, ағылшындар Стоунхендж тас мүсін­дерін, немістер көне қалалары Ротенбургты ұлық етеді. Бір ғана Сыр өңірінің өзінде мақтаныш ететін қасиетті орындар жеткілікті. Киелі орындарымызды әлем халқына танытумен қатар еліміздің болашағы – жас ұрпаққа тереңірек таныс­тыру маңызды. Өйткені, өткен тарихымызды білмей, мәдени мұраларымызды зерделемей, бүгініміздің қасиетін жете бағалай алмаймыз. Ал онсыз ертеңгі өмірімізді сезіну де қиын. Бұның түпқазығында қоғам­дық сананың қалыптасуы, рухани жан дүниеміздің баюы, ұрпақ тәрбиесі жатыр. Осы қажеттіліктің орнын толтыруды көздеген биылғы сәуір айында жарыққа шыққан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Елбасының бағдарламалық мақаласы дер кезінде жарияланған құжат болып отыр. Расында да, Қазақстанның киелі жерлерінің белдеуі – бізді рухани жұтаңдықтан сақтайтын қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыз.
ЖАРНАМА 23 желтоксан 2017 г. 1 228 0
ҚАЗАҚ ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ДІНИ ДҮНИЕТАНЫМЫ

ҚАЗАҚ ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ДІНИ ДҮНИЕТАНЫМЫ

«Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс».Қазақстан Республикасының ПрезидентіНұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан.Қазақ ойшылдарының діни дүниетанымы Құран-кәрім, Хадис-шәріп, Шариат секілді исламның қайнар көздерiден бастау алып, дәстүрлі ислам арнасында қалыптасты. Жалпы дәстүрлі ислам дегенде, Қазақстан жеріне ислам Хижаз бен Хорасан жерлерінде қатаң әһл әл-хадис мектебіне тән ортодоксалдық күйінде тарала қойған жоқ. Жергілікті  мұсылман жамағатының басым бөлігі діни ұстанымы мен көзқарастарында ақидада самарқандық матуридилік ілімді, фыкхта ханафилік мазхабты  басшылыққа алады. Құлшылық, ғибадаттарында ата-баба жолын ұстанатындықтан, оларды «дәстүрлі мұсылмандық сенімдегілер» деп атау әдетке айналған. 
ЖАРНАМА 11 желтоксан 2017 г. 1 966 0
ТАЙСОННАН – ТӘЛІМ немесе Ник Вуйчич не деді?

ТАЙСОННАН – ТӘЛІМ немесе Ник Вуйчич не деді?

1-2 желтоқсан күндері Алматыда халықаралық «Synergy Global Forum-2017» бизнес форумы өтті. Әлемнің үздік спикерлерінің сөзін тыңдау үшін Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан және тағы басқа мемлекеттерден тоғыз мыңдай адам жиналды.
ЖАРНАМА 05 желтоксан 2017 г. 2 538 0
ҚОРҚЫТ АТА ТҰЛҒАСЫ ТУРАЛЫ

ҚОРҚЫТ АТА ТҰЛҒАСЫ ТУРАЛЫ

Ұлт тарихындағы кемеңгер, мүбәрәк тұлға Қорқыт мұрасы, ой қазынасы халқымыздың шығармашылық даналығын, философиялық дүниетанымын, таңғажайып күйшілік қабілетін терең танытады. «Қорқыт ата кітабы» – ұлт тарихы мен мәдениетінің Бас кітабы. Мұхиттай шалқыған ойдың, даналық дәрістердің, сөз гауһарларының әлемі.
ЖАРНАМА 23 қараша 2017 г. 1 213 0
ЖАРНАМА 23 қараша 2017 г. 1 264 0
ТҰЛПАР МІНІП ТУ ҰСТАҒАН, НАЙЗА ҰСТАП ЖАУ АЛҒАН

ТҰЛПАР МІНІП ТУ ҰСТАҒАН, НАЙЗА ҰСТАП ЖАУ АЛҒАН

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын өңір тұрғындары арасында кеңінен насихаттау және туған елінің тәуелсіздігі үшін өзінің қайсарлығымен, батырлығымен ұрпақ жадында мәңгі сақталған батырларымыздың бірі Кіші жүз Қарпық батырдың бел баласы Текей батырдың туғанына 350 жыл толуына байланысты аймағымыздың бас қаласы Қызылордада 26-27-28 қазан күндері мәдени және спорттық тағылымды шаралар өтті.
ЖАРНАМА 31 қазан 2017 г. 1 292 0