КӨКӨНІС ТҰТЫНҒАННЫҢ КӨҢІЛІ ТОҚ

КӨКӨНІС ТҰТЫНҒАННЫҢ КӨҢІЛІ ТОҚ

 Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауында аурудың алдын алудағы ақпараттандыру жұмыстарын жетілдіруге үлкен мән берілді. Өзін-өзі сауықтыру, қимыл қозғалыстың болуы, гимнастика, жаяу жүру, әсіресе салауатты тамақтану – ағзаны сауықтырудың басты шарты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымының деректері бойынша, адам денсаулығы өмір сүру салтына, қоршаған ортаға, генетикаға көбірек тәуелді, ал, денсаулық сақтау ұйымдарына 10 % ғана тәуелді болады екен.  
ЖАРНАМА 06 сәуір 2018 г. 1 798 0
Көзіңнің өзіңдікі екеніндей, сөзің де өзіңдікі болсын

Көзіңнің өзіңдікі екеніндей, сөзің де өзіңдікі болсын

Жақында әлеуметтік желі парақшаларында ән ұрлығы жөнінде біраз сөз болды. Шынында интернетті ашып қалсаңыз, күнде естіп жүрген әндеріміздің көбі қырғыздыкі не венгердікі болып шығады. Осыған қатысты Рахия есімді желі қолданушысы "Ән мал емес, құлағына ен сап қоятын" деп жазыпты.
ЖАРНАМА 06 сәуір 2018 г. 1 520 0
КҮЛКІ ЖЕҢІЛДЕДІ, ОЙ АРЗАНДАДЫ

КҮЛКІ ЖЕҢІЛДЕДІ, ОЙ АРЗАНДАДЫ

«Бүгінде теледидар бетін арзан әзілдер жаулап алды.» Бұл – қоғамдық пікір.Шынында солай, қазір КВН деген күлкіпаздардың қойылымдарынан көз сүрінеді. «Күлдіре білу – өнер, күле білу – өмір» дегендей, шынымен күлдіріп жатса, мейлі. Күлдіру қайда, күйдіреді ғой, күйдіреді.
ЖАРНАМА 04 сәуір 2018 г. 1 579 0
СҰЛУЛЫҚ ҚАНША ТҰРАДЫ?

СҰЛУЛЫҚ ҚАНША ТҰРАДЫ?

«Қыздарға әсемдік жарасады» демей ме... Келістікескін, әдеміпішін, сұңғақ бой, қолаң шаш, тізе берсең көп. Алайда, қазір бетіне make up жасататындардың емес, make up жасайтын шеберлердің тасы өрге домалап тұр. Жоғары оқу орнын үздік бітірсе де, жұмыс таппай, осы салаға бет бұрып кетіп жатқандар бар. 
ЖАРНАМА 02 сәуір 2018 г. 1 455 0
АЛТЫН СӘНДІК ҮШІН, КҮМІС ЕМДІК ҮШІН

АЛТЫН СӘНДІК ҮШІН, КҮМІС ЕМДІК ҮШІН

Табиғаттағы 92 химиялық элементтің 81-і адам ағзасында кездеседі және әртүрлі қызметтер атқарады. Мысалы, ағзаға темір жетіспесе, қаназдық пайда болады.
ЖАРНАМА 21 наурыз 2018 г. 4 090 0
Алақандағы әлем

Алақандағы әлем

Бұрын қалай? Бүгін қалай? Есіңізде бар шығар, бала күніңізде үйде үлкен қара түсті теледидар болатын. Жақтаушаларын ағашпен көмкерген бір алып дүние. Ол істен шықса, тұтас ауыл дамудан тысқары қалатындай көрінетін. Өйткені, теледидар ауыл бойынша бірнешеу ғана. Бар-жоғы үш каналды көрсететін сол теледидардың «пульті» - жұмсауға оңай бала. Осындай бір күндерде ойыннан шаршағаным бар, «пульт» болуға құлшынысым болмады. Ал анам маңдайымнан сипап: «Ертең мына жарықты да, теледидарды да орныңнан тапжылмастан өшіріп-қосатын дәурен туады. Асықпа!» деген еді. Ал мен ертегі тыңдағандай болдым. Рас, қазір технология дегеніңіз сайрап тұр. Тек қолыңыз жетсе болды, жаңа технология жаныңызда. 
ЖАРНАМА 15 наурыз 2018 г. 1 858 0
ЖЫЛАН ЖАЙЛАҒАН ҮЙ

ЖЫЛАН ЖАЙЛАҒАН ҮЙ

 Былтыр жазда алыс аудандардың біріне жол түсті. Барған шаруам жарты күннің ішінде шешіліп, қайтпаққа қам жасадық. Пойыз кештеу болады екен, автобустар ертерек жолға шығып кетіпті. Құдай сәтін салса, бәрі де оңай ғой. Дәл осы сәтте таныстардың бірі телефон шала қалды.
ЖАРНАМА 15 наурыз 2018 г. 3 784 0
БИЫЛ СӘН ҮЛГІСІНДЕ ҚАНДАЙ КИІМДЕР?

БИЫЛ СӘН ҮЛГІСІНДЕ ҚАНДАЙ КИІМДЕР?

Жыл сайын сән әлемінде сан түрлі өзгерістер болып, мезгіл-мезгілмен ауысатын жаңа тренд пайда болады. Pantone зерттеу орталығының айтуы бойынша биылғы жылдың көктем-жаз айларының ең сәнді түсі – күлгін реңді түс. Колористер бұл түстің осы жылы танымал боларына сенеді. Сонымен бірге, 18-3838 нөмірімен таңбаланған реңк адамдарды шығармашылық ізденістерге шабыттандыратын көрінеді.
ЖАРНАМА 05 наурыз 2018 г. 2 666 0
АЛА БОЛСА АҒАЙЫН...

АЛА БОЛСА АҒАЙЫН...

 Біздің психология қатты өзгерді. Байқаған боларсыз, жығылғанды жасытып, сүрінгенге күліп, айыптаушыны айтақтап, қолтығына су бүркитіндер көбейді. Адамдар титімдей қателік үшін бір-бірін таптап тастауға бар. Жеріне он Франция сыйып кететін кең далада бірде-бір түрмесі болмаған, есігіне қара құлып салмайтын, қол алысып берген уәдені бүгінгі нотариустың мың қағазынан артық қоятын қазаққа қит етсе «соттасу синдромы» қайдан келді? Жуырда мектепке бардым. Мұғалімдердің мұңы – ата-ана. Бірінші сыныптың оқушысы мұғаліміне «соттатам» дейтін көрінеді. Бұл – бар жауапкершілікті ұстазға артып, «айтып тастаймын, далада жатқан бала жоқ, менің балама өйтіп қарамасын, бүйтіп сөйлемесін» деп, мектепке келіп, оқушының көзінше мұғалімнің беделін жер, жігерін құм ететін ұрыс-керістің нәтижесі. «Біреуге күлімдеп қарағанның өзі сауап» дейтін иманды қазаққа не көрінді? Әдетте өзіне, өміріне көңілі толмайтын адам, біреуден де қателік іздеп тұрады. Бізде мейірім неге азайды? 
ЖАРНАМА 03 наурыз 2018 г. 1 067 0
ЖАБЫҒА БӘЙГЕ БАЙЛАНҒАН,  ЖІГІТ ҚЫЗҒА АЙНАЛҒАН...

ЖАБЫҒА БӘЙГЕ БАЙЛАНҒАН, ЖІГІТ ҚЫЗҒА АЙНАЛҒАН...

Биыл екінші рет өткізіліп отырған «Miss Virtual Kazakhstan» сұлулар байқауының шарты бойынша бойжеткендер фотосуреттерін әлеуметтік желілерге салу арқылы қатыса алатын. Міне, осы мүмкіндікті пайдаланған алматылық Илай Дягилев есімді ер бала өзін Шымкенттен шыққан қатысушы Арина Әлиевамын деп таныстырып, айтулы байқаудың  финал­дық кезеңіне дейін жеткен. Енді сәл болмағанда еркекті ару атандырып, күллі елге масқара бола жаздадық.
ЖАРНАМА 27 ақпан 2018 г. 1 302 0