Манақ батыр

Манақ батыр

Алдағы жылы қазақтың біртуар батыры Манақтың   туғанына 275 жыл  толады. Ол шамамен 1745 жылы туып, 1810 жылы дүниеден озған. Негізгі ата қонысы, туған жері  – Жалағаш ауданы, Таң ауылы. Ел аузындағы әңгімеге қарағанда ол тумысында өте ірі, қапсағай денелі, зор дауысты кісі болған. Он жасынан бастап басына құрық түспеген асау аттарды бас білдіреді екен. Он бес жасында ел азаматтарымен бірге жорыққа шыққан. Жорықтарда батырлығымен көзге түсіп, жекпе-жекте жауырыны жерге тимеген.
РУХАНИЯТ 07 қыркүйек 2019 г. 1 311 0
Қазақ мәдениетіндегі ислам діні

Қазақ мәдениетіндегі ислам діні

Ислам діні қазақ даласына 751 жылғы Атлах шайқасында (бұл қақтығыс араб әскері мен қытай арасында болған) араб қолбасшысы Қутайба ибн Муслимнің жорығынан бастау алып, қазіргі Түркістан облысы аумағынан Сыр бойына дейін кеңінен тарала бастайды.
РУХАНИЯТ 01 қыркүйек 2019 г. 793 0
Зульфия

Зульфия

 – Сізге екінші қабатқа көтерілу керек.Сыңғырлаған үнімен баураған сүйкімді бойжеткеннің қылығы былай тұрсын, дауысы жүрегімді елжіретіп жіберді. Сөйлеткен сайын сөйлете бергің келеді екен. Оның нәзік дауысы жан бойымды балқытып тұрған құдды бір құдірет дерсің.
РУХАНИЯТ 24 тамыз 2019 г. 349 0
«Парасат» журналының парағы  немесе бір әннің өмірге келу тарихы

«Парасат» журналының парағы немесе бір әннің өмірге келу тарихы

Пенде алға қойған арман-мақсатына қанша асыққанымен, бәрін де Жаратушының өзі реттейді деген сөзге сенемін. Ақын атанайын деп жыр жазбадым, бойымдағы сазгерлікті де беріге дейін сезбеген болатынмын. Ал емшілік қасиет бабамнан дарыған болса керек. Бірақ өнерді бала күнімнен сүйдім. Мұндай қасиеттер ананың сүтімен, атаның қанымен келетіні мың қайтара дәлелденген ғой.
РУХАНИЯТ 03 тамыз 2019 г. 1 194 0

Қармақшы өңіріндегі қасиетті нысандар

 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жағыру» мақаласы аясында рухани кодымыздың басты тетігі болып табылатын қоғам үшін маңызды, сонымен қатар халқымыздың ұлттық бірегейлігінің мызғымас негізі – «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында да біраз құнды тарихи материалдық мәдение­тіміздің негізі қалыптасуда.
РУХАНИЯТ 28 шілде 2019 г. 727 0
Тұрмағамбеттің жаңа   қолжазбасы табылды

Тұрмағамбеттің жаңа қолжазбасы табылды

Тұрмағамбет шығармаларының негізгі бөлігі бұрынғы ҚР ҰҒА М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Қолжазба және текс­тология бөлімінің қорында сақталған. Атақты шайырдың қолжазба мұрасын 1981 жылы ақынның ұлы Әбдірауық Тұрмағамбетұлы өткізіп, тиісті қаламақысын алғаны туралы аталған қордың тіркеу кітапшасында тіркеліп, «Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы» көптомдық сериясының 5-томына енген. Атап айтқанда, 875-папкада Тұрмағамбет парсы тілінен аударған Ә.Фирдауси «Шаһнамасының» 35 дәптері және 878-папкада Сыр сүлейінің көлемі 6 дәптерден тұратын өлең-толғау, термелері мен хикая, дастандары сақталған. 
РУХАНИЯТ 20 шілде 2019 г. 1 541 0
Естен   кетпес   саяхат

Естен кетпес саяхат

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында “Атамекен” отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілері Шығыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени және көрнекті орындарында болды.  Тәрбиешілерімен бірге барған 44 баланы Өскеменде “Үміт” балалар үйінің ұл-қыздары қарсы алды. Онда арнайы саяхат пен естен кетпес ерекше демалыс ұйымдастырылды. 
РУХАНИЯТ 20 шілде 2019 г. 417 0
Теңіз төскейіндегі толағай тірлік

Теңіз төскейіндегі толағай тірлік

«Жарты ғасырдан соң қолға алынған балықшылар слеті қазір дәстүрлі мерекеге айналды. Облыс әкімінің қолдауымен 2015 жылдан бастап  Қамбаш көлінің жағасында Арал өңірі балықшыларының слеті ұйымдастырылып келеді.
РУХАНИЯТ 12 шілде 2019 г. 507 0
Ұлт тәрбиесін ұстансақ, зорлыққа жол бермейміз

Ұлт тәрбиесін ұстансақ, зорлыққа жол бермейміз

Балалардың үйде де, мектепте де және басқа да қоғамдық мекемелерде де зорлық-зомбылықпен әркез ұшырасып отыратыны өкінішке орай, күнделікті құбылыстардың біріне айналған. Балаға қатысты мұндай оқиғалардың дүние жүзімен бірге, біздің елімізде де ұшыратыны шындық. Бұрынғы заманда аталарымыз «бас жарылса бөрік ішінде» дейтін, қазір мұндай жағдайлар әлеуметтік желілер арқылы күн сайын таратылып жатыр. Тіпті, кейбіріне қарауға жүрегің ауырады.
РУХАНИЯТ 02 шілде 2019 г. 331 0
Нұртуған шайыр (поэмадан үзінді)

Нұртуған шайыр (поэмадан үзінді)

Толыбай Абылаев 1952 жылы 14 сәуірде Арал ауданындағы Ескібөген елді мекенінде балықшы отбасында туған. Тұңғыш кітабы «Шағала» 1986 жылы жарық көрген. 2002 жылы «Арал көшіп келеді», 2006 жылы «Аралдан соққан жел», 2011 жылы «Арал Атлантидасы», 2015 жылы «Махаббат дәптері», 2017 жылы «Қыран шайыр» жыр жинақтары, «Редактор Сағынжан Ермағамбетов», «Аты өшпейтін азамат», «Жақсының ізі өшпейді», «Нұрбай би», «Ақ сауытты Айдарбек батыр», «Күлік Теке батыр», «Жақсыдан қалған көз еді», «Жәнке би және ұрпақтары» атты деректі кітаптары оқырман қолында.
РУХАНИЯТ 25 маусым 2019 г. 638 0