Бүгінде Жошы Ұлысы – Алтын Орда тарихындағы шешімін таппаған мәселенің бірі – Сарайшықтағы пантеон және ондағы жерленген ел билеген тұлғалар тарихы болып отыр. Сарайшық пантеоны 1475 жылғы венециялық монах Фра Мауроның картасында Жайықтың оң жағалауына салынған.
РУХАНИЯТ
20 қаңтар 2020 г.
256
0
Жарты ғасырға жуық Сыр өңірінің кино саласында қызмет істегенімде, осы мамандығымның қыры мен сырына қанығу үшін ел ішін көп араладым. Өз ісін сүйетін, мамандығын құрметтейтін талай атпал азаматтармен дастарқандас, тұздас-дәмдес, іссапарлас, кей кездерде сырлас болып жүріп зейнеткерлік жасқа жеткенімді де білмей қалыппын. Бұл – жұмырбасты пенденің бәріне бірдей тән құбылыс. Өткен күндеріме бүгінгі жасымның биігінен қарасам, бұрынғы қызметтестерімнің көпшілігі о дүниелік болған. Бірақ маған медет болатыны – сол жайсаң жандардың ұрпақтары мен жақындары, туыстары бар. Міне, соларға арнап Сыр өңірінің кино саласын өркендеткендер мен дамытқандар туралы айтсам деймін...
РУХАНИЯТ
18 қаңтар 2020 г.
251
0
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы дүйім қазақты рухани тұрғыда бір көтеріп тастағаны анық. Даналықтың символы, руханияттың бағдаршамы – Абайды тану – әр қазақтың міндеті. Айтар ойын тура әрі батырып айтқан ойшылдың бір сөзі жанды қинап жатса, екінші сөзі өкіндіріп-ашындырып жататыны жасырын емес. Адам бойындағы осынау алапат сезімдерді оятатын Абай ілімі – теориялық тұжырымдама ғана емес, адам болып өмір сүрудің әдіс-тәсілі. Мақалада Қ.Кемелұлы Абай шығармаларының қазіргі уақытпен үндестігін, ақпараттық заманның өзінде өзектілігін ашып көрсеткендей. Көрсете отырып, ұлы ақын еңбектерін түсініп-тұшынып оқуға шақырғандай.
РУХАНИЯТ
13 қаңтар 2020 г.
986
0
Оқуға түсіп, жатақханадан орын алып, мәз-мейрам болып жүрген кезіміз. Көктем шыға вахтада отыру кезегі маған бұйырған күн еді.
РУХАНИЯТ
05 қаңтар 2020 г.
432
0
Өткен жыл бірқатар қоғамдық-саяси басылымдар үшін мерейлі белес болып, тарих парағына басылды. Айталық, еліміздің бас газеті – «Егемен Қазақстан» басылымы 100 жылдық тарихын тойлады. Ғасыр жасаған «Егемен Қазақстанның» алғашқы саны 1919 жылы 17 желтоқсанда Орынборда жарық көрген «Ұшқын» газетінен басталатынын білеміз. Одан кейін басылым атауы бірнеше рет өзгеріп, «Еңбек туы», «Еңбекші қазақ», «Еңбекшіл қазақ», 1932 жылы «Социалды қазақ» деген атпен шықты. Ал 1937 жылы «Социалистік Қазақстан» болып өзгерілді де, осы атпен жарты ғасырдан астам жарық көрді.
РУХАНИЯТ
01 қаңтар 2020 г.
599
0
Мұқтар НИЯЗОВ, ақын, «Айтыстың ақтаңгері», екі мәрте «Алтын домбыра» иегері, Қызылорда қаласының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері:
РУХАНИЯТ
31 желтоксан 2019 г.
259
0
Н.Бекежанов атындағы облыстық музыкалық драма театрында Сыр сүлейлерінің жалғасы, дәстүрлі әнші, жыршы, облыстық филармонияның артисі Шолпан Биімбетованың «Жауһары жырдың жүректен» атты есепті концерті болып өтті.
РУХАНИЯТ
29 желтоксан 2019 г.
777
0
Өрекеңмен жақын араласуымыз 2011 жылдан басталыпты. Елге «Менің Отаным – Қазақстан» сериясымен Шиелі ауданының тарихына арналған тарихи-танымдық энциклопедия «Шиелі» кітабын жазуға Астанадан келгенмін.
РУХАНИЯТ
23 желтоксан 2019 г.
309
0
Бүгінгі «Сыр бойы» біздің жастық шағымызды елестетеді. Басылымды ауылдағы жұрт құмарта оқитын. Біз тыңдаймыз. Ауылдағы хат тасушы майдангер Рүстем ата қырық шақырым қашықтағы қалаға қара есегімен қатынап, кештете оралатын.
РУХАНИЯТ
19 желтоксан 2019 г.
359
0
2006 жылы Жалағашта өткен Тәуелсіздіктің 15 жылдығына арналған облыстық ақындар айтысында мектеп оқушысы Мейірбек Сұлтанханды алғаш рет кездестірдім. Сөз саптасы ерекше, өзін сахнада еркін ұстайды. Он үш жасар баланың қарсыласқа қайтарып жатқан уәжі бет қаратпайды. Мен қазылар алқасының мүшесі едім. «Әлі оқушы ғой, ағаларының алдына салмай-ақ қояйық, алыпұшпа сияқты» – деген пікір де айтылды. Бірақ, мен көнбедім, сол жолы оған бірінші бәйгені бердік.
РУХАНИЯТ
14 желтоксан 2019 г.
384
0