Ой терең ойнар нәқән теңізден де, Тың тұрған тіл сүзеген өгізден де. Нәқәннан нар жұтатын нәпсің жаман, Қанағат қылмайтын аз жегізгенге.
РУХАНИЯТ
11 ақпан 2020 г.
202
0
«Айтсам, тілім күйеді, айтпасам, ділім күйеді» дегендей, мемлекеттік тіл маңындағы мәселелерге тоқталсақ, жарасы жазылмаған жануардай хәлден әлі арыла алмай келе жатқан жұрт екенімізді аңдаймыз. Тілімізден емес, мінімізден көретін келеңсіз-ақ жайт.
РУХАНИЯТ
09 ақпан 2020 г.
263
0
Қазақтың салт-дəстүрінде әдемі сабақтастық пен үндестік бар. Біздің ұстаным дала заңымен астасып жатады. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында да «Жаңа дәуірдің озық үлгілерін бойға сіңірсек те, біз ұлттық кодымызды сақтауымыз керек» деген жол бар
РУХАНИЯТ
06 ақпан 2020 г.
238
0
Аламанға қосқан байталы бірінші келіп, бәйгесін ала алмай зығырданы қайнаған Бозжан: «Әй, Құнанбай, не үшін бәйгемді бермейсің?» дегенде Құнанбай оқты көзін Бозжанға қадап, атып жіберердей боп: «Атыңның міні бар» дейді. Сонда миығынан мырс еткен Бозжан сұлтанның соқырлығын тұспалдап: «Міні бар адам да бәйге бөліп отыр ғой» депті. Ащы мысқыл жанын күйдіріп, қатты ашудан селкілдей бастаған Құнанбай: «Айтып тұрған аузың осы ғой» деп, езуін ұршықтың сабымен жыртып жібереді.
РУХАНИЯТ
04 ақпан 2020 г.
573
0
Сырдария аудандық музей қорында қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлы тұтынған кітап сөресі сақтаулы. Ғасырлық тарихы бар жәдігерді музей қорына 2006 жылы Ұлы Отан соғысының ардагері Ахметбек Іскендіров табыстапты. Осы кітап сөресі Сыр еліне қалай келді?
РУХАНИЯТ
31 қаңтар 2020 г.
902
0
Қазақтың бас ақыны Абай (шын аты Ибраһим) Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ. Ақмола, Семей облыстарында Абайды білмейтін адам жоқ. Ақмоламен сыбайлас Торғай облысында Абайды білетін адам кем, құты, жоқ деп айтса да боларлық. Олай болуы сөзі басылмағандықтан, Абайдың сөздері кітап болып басылып шыққанша Абайдың аты да, сөзі де Торғай облысында естілмеуші еді. Ақмола, Семей облыстарында Абайдың атын, сөзін естімедім дегенге недәуір таңырқап қалады. Мен ең әуелі Ақмола облысына барғанымда Абайды білмегеніме, сөзін естігенім жоқ дегеніме таңырқап қалушы еді.
РУХАНИЯТ
30 қаңтар 2020 г.
483
0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы дүйім қазақты рухани тұрғыда бір көтеріп тастағаны анық. Даналықтың символы, руханияттың бағдаршамы – Абайды тану – әр қазақтың міндеті. Ойын тура әрі батырып айтқан ойшылдың бір сөзі жанды қинап жатса, екінші сөзі өкіндіріп-ашындырып жататыны жасырын емес. Адам бойындағы осынау алапат сезімдерді оятатын Абай ілімі – теориялық тұжырымдама ғана емес, адам болып өмір сүрудің әдіс-тәсілі. Мақалада Президент Абай шығармаларының қазіргі уақытпен үндестігін, ақпараттық заманның өзінде өзектілігін ашып көрсетті. Көрсете отырып, ұлы ақын еңбектерін түсініп-тұшынып оқуға шақырды.
РУХАНИЯТ
25 қаңтар 2020 г.
381
0
РУХАНИЯТ
24 қаңтар 2020 г.
432
0
«Тұмар ханша туралы кино түсіріледі» дегеннен-ақ ел эфирге шығар сәтін асыға күтті. Сөз жоқ, «Томирис» – кірпік қақпай көруге тұрарлық тарихи киножоба. Әсіресе, басты рөлдегі актрисаның отты жанары, сақ қыздарының жауынгерлік шеберлігі кім-кімді де сендірді. Содан да болар, кинотеатрдағы көрсетілімнен кейін қызылордалық көрермендер ұзақ уақыт қол соқты. Залда фильмге қатысты ешкім жоқ. Бірақ, мұны өткенімізді мақтан тұту мен ризалықтың белгісі деп ұқтық. Сәлден кейін эмоция басылды. Сонда ғана кинода «мұны да қосқанда болар еді» дейтін тұстар бары байқалды. Сонымен, «Томиристен» не түйдік?
РУХАНИЯТ
23 қаңтар 2020 г.
428
0
Ғылым тарихын мазмұны мен дамуы бойынша талдап шыққан профессор Борис Поршневтің «Тарих акселерация» деген теориясы бар. Акселерация – қазақ тілінде жылдамдықтың үдеуі. Профессор Поршневтің айтуы бойынша, тарихтағы кез келген кезең, одан кейін келетін кезеңнен екі есе ұзақ, келесі кезең алдындағысынан екі есеге қысқа. Мысалы, тас дәуірі қола дәуірінен екі есеге ұзақ. Одан кейінгілер де 2 есе жылдамдықпен қысқарып отырған. Әр кезеңнің өз өркениеті болады. Осы өркениет – сол кезеңнің қандай жылдамдықпен өтетінін анықтаушы. Бұл орайда, кез келген талдауға қабілеті бар адамның қояр сұрағы «Өркениет қалай пайда болады?» болмақ.
РУХАНИЯТ
21 қаңтар 2020 г.
802
0