Кез-келген адамның өмірінде басты орын алатын қадірлі де аяулы да ата-анасы болады. Ата-ана өмірдің мәні, біздің сарқылмас байлығымыз. Ата-анамыздың батасының, ақ пейілінің бойымызға сіңірген тәлім-тәрбиесінің арқасында өмірде өзі орнымызды тауып,аңсаған арман-мақсатымызға жетіп, өмірдіңрахатын, қызығын көріп келеміз.
РУХАНИЯТ
08 наурыз 2020 г.
538
0
Жыр терапиясы – Қызылорда өңірінде ғана сақталған мыңжылдық тарихы бар өнер. Бастауын сонау Қорқыттан алатын өнер халқымыздың тарихын, идеологиясын, пәлсапалық ойларын осы дәуірге жеткізген. Қазақ тарихында жыраулар негізінен мәдениет өкілдері емес, мемлекеттік органның немесе политикалық құрылымның белді мүшелері болған. Жыраулық дәстүр Х ғасырдан бері тоқтаусыз қазақ халқы мәдениетінің басты құрамдасы болып отыр.
РУХАНИЯТ
06 наурыз 2020 г.
795
0
Қарағым, қалқам, Азизжан, Жолдас болсын иманың! Қонбады бірі, қайтейін, Еткен ем, дәрі иланың.
РУХАНИЯТ
02 наурыз 2020 г.
140
0
Қазақтың ұлы ақыны, хакім Абайдың 175 жылдығына орай бастау алған “Абай жолымен” атты республикалық ақындар айтысы Сыр елі – жыр елінде жалғасын тапты. Мемлекет басшысының “Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан” атты мақаласында ұлы ақынның әдеби мұрасын әлемдік деңгейде насихаттаудың үлгісі ұсынылған болатын. Айта кетейік, бүгінгі таңда елімізбен рухани байланыстағы бірқатар әлем елдерінде Абайдың 175 жылдығына арналған шаралар аталып өтуде.
РУХАНИЯТ
29 ақпан 2020 г.
335
0
Достық пен Махаббат жолығысып, Махаббат Достыққа қарата: - Саған қарағанда мен сүйіктімін, халыққа қадірлімін. Сенің қажетің қанша? – депті. Достық: – Сен кеткен соң ел-жұрттың көз жасын сүрту үшін қажетпін! Мырзагелді Кемел.
РУХАНИЯТ
29 ақпан 2020 г.
397
0
Тағдырдың жазуымен Қазақстан көптеген ұлттардың Отанына айналды. Солардың бірі – көне Эллада елінің өкілдері. Гректердің Қазақстанға келу тарихы – Сталин репрессиясы кезінде күштеп жер аударылуға тап болған басқа да көптеген халықтың тарихы тәрізді қасіретті. Қызылорда облысына 1949 жылы Грузия республикасы құрамындағы Абхазия АССР-нан жер аударылған гректерді қоныстандырды. Сол уақыттары оларға орналасқан елді мекендерінен шығуға рұқсат етілмеді.
РУХАНИЯТ
29 ақпан 2020 г.
345
0
Биыл Қызылордада «Адал ұл ер болып туса – ел тірегі» атты әкелі-балалы жұптар сайысы, оқушылар арасында «Әкеме хат» шығармалар байқауы болады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов журналистерге «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жоспарын таныстырды.
РУХАНИЯТ
22 ақпан 2020 г.
242
0
Қазақ – тауы мен тасы тұлпарларының тұяғымен ғана тапталған Ұлы даланы мекен еткен халық.
РУХАНИЯТ
17 ақпан 2020 г.
187
0
Сіз жастық шағын келер ұрпақтың, мына біздің жолымызда құрбан еткен жалынды жауынгер Баубек Бұлқышев жайлы естіп пе едіңіз?Сұрапыл соғыста от кешіп, небәрі жиырма жасында елі үшін еткен еңбегі мен ерлігі туралы не білесіз?
РУХАНИЯТ
13 ақпан 2020 г.
220
0
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Сыр бойы» газеті ақын-жазушылардың, белгілі тұлғалардың хәкімге арнаулары мен лебіздерін жариялап келеді. Бүгін жыр алыбы – Жамбылдың «Абайдың суретіне» атты өлеңін ұсынбақпыз.
РУХАНИЯТ
13 ақпан 2020 г.
1 046
0