Талантымен дараланған шоқтығы биік ақынның бірі – Төлеубай Үркімбаев. 1898 жылы Жалағаш ауданы қазіргі Бұқарбай батыр ауылында дүниеге келген. Ескіше жаңа қоғамның талабына сай бастауыш білім алады. Еңбек жолын теміржолда жұмысшы болып бастайды. 1916 жылы «июнь жарлығына» ілініп, бірінші дүниежүзілік соғысқа алынады. Онда қара жұмысқа жегіліп, майданның алғы шебінде батпақты, орманды жерлерде бейнеттің азабын шегіп, денсаулығынан айрылып, елге оралады.
РУХАНИЯТ
14 сәуір 2020 г.
256
0
Бұл әңгімені бірнеше жыл бұрын теміртаулық журналист, арғы тегі Моңғолия қазағы марқұм Аманжол Ақынұлының аузынан естіп едім. Шамамен өткен ғасырдың 60-шы жылдары болуы керек. Ел жайлауға көшіп, Екіаша сайын аяғынан өрлете ақбоз үйлерін тігіп, басы сонау мәңгі мұздақтан құлайтын жіңішке суды жағалай қоныс алған. Салқын төске қой-ешкісін қаптатып, желіге құлын байлап жайғасқан елде айта қояр ермек те жоқ. Қариялар топ-топ болып қыдырады, қыстан қалған сыбағаларын жейді, желпінтіп әңгіме айтады. Олардың етегінде биттей жабысып бір-бір немересі жүреді. Ересектері қой-қозының қамымен әлек. Кешкі сауыннан кейін ағытқан биелерді таң бозымен жиып келуге тісқақты бозбала болмаса болбырлар шыдамайды. Кейбір жауынды күндері сақа айғырлар үйірді ықтата айдап кетіп, табылмай қинарын қайтесіз...
РУХАНИЯТ
12 сәуір 2020 г.
279
0
Республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаты, Арал өңіріндегі жыраулық өнерді әлемдік сахнада алып шыққан талантты тұлға - жырау марқұм Рысбек Әшімовтің естелігі.
РУХАНИЯТ
10 сәуір 2020 г.
358
0
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана қоры ұлы философ, ғұлама ойшыл Әбу Насыр әл Фарабидің 1150 жылдығына орай Халықаралық Абай клубының президенті, жазушы Роллан Сейсенбаевтың құрастыруымен қазақ және орыс тілдерінде шығарылған жеті томдықпен толықты.
РУХАНИЯТ
03 сәуір 2020 г.
564
0
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музей қорында Атырау облысы, Құрманғазы ауданында 1905 жылы дүниеге келіп, 90 жасқа келгенде дүние салған (1995 жыл) ақын-жазушы Әбу Сәрсенбаевтың Зейнолла Шүкіровке жазған екі хаты бар. Бірі 1962 жылы, екіншісі 1972 жылы жазылған.
РУХАНИЯТ
02 сәуір 2020 г.
490
0
Ұшы-қиырына көзің жетпей жанарыңды талдыратын қазақтың даласында өнегелі даналар көп болған. Әсіресе, Сырдың бойын жайлаған жайсаң жұртта жарқын бейнелі жандардан қалған өнегелі сөздердің әлі күнге құны жойылмай, қасиеті өшпей келеді. Әрбір адамның туған топырағы – сол адам үшін жер бетінде жұмақ мекен. Ал, әлгі адамның бойындағы бүкіл қасиет те сол топырақтан болады. Сондықтан да адамзат баласы кіндік қаны тамған жерін қастер тұтады.
РУХАНИЯТ
31 наурыз 2020 г.
467
0
Луврды көру үшін Парижге барып, бір күн кезекте тұрудың қажеті жоқ. Оның үстіне, қазіргідей карантин уақыты оған мүмкіндік бермейді. Бірақ, бір жақсысы, көптеген музейлер өз қорларын сандық форматқа ауыстырып үлгерген. Яғни, интернет болса, оларды үйден шықпай-ақ аралауға болады. Виза, ұшаққа да ақша шықпайды. Сонымен, онлайн аралауға болатын музейлер тізімін ұсынамыз.
РУХАНИЯТ
29 наурыз 2020 г.
372
0
Наурыз – салт-дәстүріміз паш етілетін мейрам. Халқымыз үшін қастерлі мереке. Сондықтан да оның мәні зор, мағынасы терең. Тағылымға толы мерекені нағилықтар биыл ерте тойлады. 12 наурыз күні өткен шараға облыстық «Жастар ресурстық орталығы» қолдау танытты.
РУХАНИЯТ
22 наурыз 2020 г.
668
0
Қазақ «елу жылда ел жаңа» деп басынан өткесін айтады екен. Осыдан 40-50 жыл бұрын салған үйлерің бұзып, жерін биіктетіп жаңа үй салу үрдіске айналды. Бұл әрине халықтың тұрмыс деңгейінің жақсарғаның білдіреді.
РУХАНИЯТ
22 наурыз 2020 г.
334
0
1979 жылы Алматыдағы «Жалын» баспасынан шыққан «Менің құрдастарым» атты 532 беттік үлкен бір томдық шығармалар жинағы Саттар Ерубаевтың ешқашан талант қайнары сарқылмайтын, ақ бұлағы тартылмайтын, жылдармен жасара, жаңғыра жарқылдайтын халқымыздың аяулы перзенті екендігін айқындай түседі. Кітапта «Менің құрдастарым» атты романынан өзге, оның новеллалары, балладалары мен өлең-жырлары, публицистикасы, сатиралық суреттемелері мен пародиялары, сын мақалалары және Саттар Ерубаевты көзі көрген тұстастарының естеліктері жарияланған еді.
РУХАНИЯТ
09 наурыз 2020 г.
329
0