Алматыда Батырхан Шүкенов атындағы фотокөрме ашылды

Алматыда Батырхан Шүкенов атындағы фотокөрме ашылды Халық оның бұрын жарияланбаған фотоларын көруге жиналды, деп хабарлайды BNews.kz. Кешке халық сүйіп тыңдаған, қимай қоштасқан әнші-композитордың туыстары мен жақын достары, оның шығармашылығына қызығатындар жиналды. Жақын адамдарының ішінде анасы мен туған ағасы да болды.

«Батыр кез келген адамға жақын. Өйткені оның репертуарынан әркім жанына жақын әнді табады. Сол арқылы ол барлығымыздың жүрегімізде. Адамдар оны мәңгі есте сақтағанын қалаймыз», - деді фотокөрмені ұйымдастырушы Олжас Байқанов.

Көрмеде Батырханның бұған дейін ешкім естімеген «Махаббат үшін рақмет» әнінен үзінді тыңдалды. Осылайша, қорды ұйымдастырушылар мен қатысушылар әртістің артынан үлкен құндылық қалғанын адамдарға жеткізгісі келеді.

Көрмеде онымен өнерде бірге жүрген қонақтардың бірі – «Дервиши» тобының солисі Раим Хамраев болды.

«Батырханды ұмыту мүмкін емес. Көрмеде «Арай» тобының құрылған кезінен көп фото бар екен. Оларға қарап тек картина емес, фильм, үлкен тарих көргендей боласың.  Мұндай фотолардың сақталуы – үлкен жетістік. Шараның жыл сайын болып тұрғанын қалаймын. Өйткені сол арқылы оның өмірін, шығармашылығы мен жұмысын қайта еске аламыз», - деп өз ойымен бөлісті Раим Хамраев.

Айта кетейік, көрмедегі фотолар – «А-студио» тобының құрылғанынан бастап әртіс өмірінің соңғы күндеріне дейін естелік.Мұндай фотолардың бірі ол қайтыс болардан жарты жыл бұрын түсірілген. Шарадағы барлық жұмыс оның жақын досы – Николай Постниковқа тиесілі. Николай әншімен 20 жылдан аса бірге жұмыс істеген.

РУХАНИЯТ 16 қыркүйек 2016 г. 638 0