« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Күллі мұсылман қауымына ортақ қасиетті Құрбан айт мерекесі облысымызда да кең көлемде аталып өтті. Айтулы мерекенің алғашқы күні «Ақмешіт-Сырдария» мешітіне жиналған жамағат айт намазына қатысып, бір-бірлерін құттықтап, қуанышқа кенелді. Облысымыздың бас имамы Талғат Омаров жұртшылықты ортақ мерекемен құттықтап, уағыз айтты. Имандылық үйіне арнайы келген облыс әкімі Қырымбек Көшербаев барша мұсылмандарды ұлық мерекемен құттықтады.
- Бүгінгі «Құрбан айт мерекесі» – діні мен ұлтына бөлінбестен, барша отандастарымызды ынтымақ пен бірлікке, бір-біріне мейірімді де қайырымды болуға шақыратын ұлық мереке. Айтулы мейрам баршаңызға құтты болсын, құрметті ағайын! Қасиетті күндердегі ізгі амалдарыңыз бен ниеттеріңізді Алла тағала қабыл етсін! Құрбан айт әрбір отбасына амандық, елімізге бірлік пен ынтымақ әкелсін. Құрбан айт мүбәрак болсын, - деді аймақ басшысы.
Қасиетті айт күндері барша мұсылман қауымы ізгілікті амалдар жасауға асығады. Әрбір мұсылман баласы айтта тек қана құрбандық шалумен шектелмей, ағайын-туысына, мүгедектер мен мұқтаж жандарға, көршілері мен жетімдерге қолұшын беріп, қайырымдылық пен қамқорлық таныту арқылы қоғамның тұтастығына, ұлттар мен діндердің өзара ынтымақтастығына жол ашады. Облыс тұрғындары да сауапты іс жасаудан құр қалған жоқ. Құрбан айттың алғашқы күні өңір тұрғындары құрбандық шалып, жағдайы төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға шалынған мал етін үлестірді.
Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ.
Бағдат ЕСЖАНОВ (сурет).
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |