“БАБАЛАР СӨЗІ ҰРПАҚҚА ҮЛГІ”

Әз тарихта белгілі, үш жүздің төбе биі Төле бидің 350 жылдығына арнап  Қызылөзек ауылындағы №10 кітапханада ауқымды шара өтті.
"Бабалар сөзі ұрпаққа үлгі” атты Төле бидің 350 жылдығына арнап өткізілген кеште, кітапхананың тұрақты оқырмандары Ж.Жолдыбай, Д.Далабек, М.Қайратұлы ауыл халқына төбе бидің шешендік сөздері мен толғауларын мºнерлеп оқып берді. Ал, №10 кітапхана қызметкері Досмырзаева  "Бабалар сөзі ұрпаққа үлгі ” атты кітапхана көрмесін ұйымдастырды. Онда болашақ жастарға үлгі-насихат берер Төле бидің шешендік сөздері мен өнер туындылары көрсетілді.
Шара соңында ауыл тұрғындары ұйымдастырушыларға өздерінің ықылас лебіздері мен алғыстарын білдірді.
Әйгерім Таңат.       
Қызылорда қаласы,
Қызылөзек ауылы.

РУХАНИЯТ 19 желтоксан 2013 г. 1 173 0