« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Зайырлы мемлекетте діннің өзіндік орны болады. Дін мемлекеттен бөлінгенімен, халықтың болмысынан, тұрмыс-тіршілігінен ірге ажырата алмайды. Бейсенбі күні өткен «Ұлт құндылығы – руханият» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясында дәстүрлі діни құндылықтардың артықшылықтары насихатталды. Конференцияға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Ғабит Абзалбек бастаған республикалық ақпараттық үгіт тобының мүшелері қатысты.
Облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған шараға жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, ардагерлер, ғалымдар мен оқытушылар, үкіметтік емес ұйымдар мен діни бірлестік жетекшілері, белсенді жастар, сондай-ақ, орта мектептердің «Дінтану негіздері» пәнінің оқытушылары жиналды.
Конференция жұмысын облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ж.Жылқышиева ашып, жүргізіп отырды. Қазақ тарихында әдет-ғұрып пен шариғат заңдарын барынша сабақтастырып түзілген, рухани ұстанымдарды паш еткен «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы» сияқты заңдар қоғамдық қатынастарды реттеп отырды. Қазіргі әлемдік тәжірибеде мемлекет пен дін қарым-қатынасының өзіндік қағидалары бар.
– Зайырлылықты күшейту дінді әлсірету емес, дін дегеніміз – өмір сүру мәнері, қарым-қатынас әдебі, моральдық нормалар жиынтығы, – деді конференцияда сөз алған Дін істері комитеті төрағасының орынбасары. – Сондықтан дін мәселесіне руханият негізі ретінде қарап, оның жасампаз құндылықтарын, рухани әлеуетін басты назарда ұстау керек, – деді ол.
Конференцияда Т.Жүргенов атындағы қоғамдық қордың төрағасы С.Аңсат,Дін істері комитетінің дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының ғылыми қызметкері М.Мүсілімов, Алматы қаласы, «Медеу» ықшам ауданы «Аманқұл ата» мешітінің бас имамы Т.Жақыпов, Қорқыт ата атындағы ҚМУ профессоры М.Аңсатова, «Нұр» мешітінің бас имамы М.Үркімбаев баяндама жасады. Шара қорытындысында облыс имамдары арасында «Қазақ мемлекеттігінің қалыптасуындағы исламның ролі» тақырыбында өткізілген шығармашылық байқаудың жеңімпаздары марапатталды.
М.МЕРЕЙ.
Облыстық мекемелер үйінің мәжіліс залында облыстық, қала мен аудандық діни саладағы ақпараттық-түсіндіру топтары мүшелерінің қатысуымен селекторлық семинар болып өтті. Оған ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Ғабит Мұхамеджанұлы, Дін істері комитетінің дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының ғылыми қызметкері Марлен Мүсілімов және Алматы қаласы «Медеу» ықшам ауданы «Аманқұл ата» мешітінің бас имамы Тілепберген Жақыпов бастаған республикалық-ақпараттық түсіндірме тобы қатысты.
Шараны облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жазира Жылқышиева жүргізіп отырды. Негізінен кездесулер қаланың бірнеше мекемелерінде өткен болатын. Атап айтар болсақ, «Ұлт құндылығы – руханият» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірбиелік конференция, облыстық медицина орталығында сала қызметкерлерінің қатысуымен «Зайырлы қоғам және дін» атты кездесу және М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде «Дәстүрлі рухани- адамгершілік құндылықтар және ислам діні» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Сонымен алғашқы сөзді Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Ғабит Абзалбек алып, еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жасалып жатқан ірі жұмыстарды кеңінен әңгімеледі. Ақпараттық-насихаттық топтардың белсенді әрекет ету жолдарын да нықтап берді. Және де қазіргі таңда дін саласына қатысты сұрақ сізді мазаласа, онда 114 нөміріне қоңырау шалуға болады екен. Тәулік бойы жұмыс жасайды. Ол барлық аймаққа тегін қызмет көрсетеді. Ал, сіздің сауалыңызға белгілі теолог, заңгер және имамдар жауап береді. Сондай-ақ, діни бағыттағы порталмен «Ақниет» қосымша кеңес беру және діни зерттеу орталығы да жұмыс жасайды екен. Одан әрі Марлен Мүсілімов пен Тілепберген Аллажарұлы тақырыпқа қатысты ойларын ортаға салды.
Шара соңында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жазира Жылқышиева дін саласына қатысты қараша айында үлкен семинар өтетінін жеткізді. Оғантанымал тұлғалар қатысатынын да назардан тыс қалдырмады.
Сара ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |