« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Жуырда Әйтеке би кентінде Қазақстан Жазушылар одағының облыстық филиалының
ұйымдастыруымен "Сыр толқыны” атты жас ақындар мүшәйрасы болып өтті. Оған
14-24 жас аралығындағы 26 талапкер қатысты.
Мүшәйраның негізгі мақсаты – жастарды шығармашылыққа баулу, қоғамдық белсенділіктерін арттыру, қазақы құнды дүниелерді ұлықтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу, Отанға деген сүйіспеншілік қасиеттерін еселеу.
Шараға қатысушылар түрлі еркін тақырыптарға қалам тербеп, мағыналы да, мазмұнды ой өрбітті. Бірі сұлу табиғатты жырласа, енді бірі махаббат, Отанға деген сүйіспеншілікті арқау етті. Қаншама үміткерлер қатысқан байқау тартысты өтті. Талай жыр додаларында оза жауып жүрген Дина Бөкебай, Айсұлу Жеткерген, Есет Табынбаев, Бауыржан Ізмағамбетов және Бақытжан Қаһардың өлеңдері көпшіліктің қөңілінен шығып, олар шара қорытындысы бойынша облыста өтетін сайысқа жолдама алды.
Байқау соңында филиал төрайымы Қаршыға Есімсейітова мен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жетіскен Мәкеналы поэзия әлеміне қанат қаққан жас таланттарға жылы лебіздерін білдіріп, ақ жол тіледі.
Сара ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |