« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қызылордада КСРО Халық артисі Сәбира Майқанованың 100 жылдығына арналған Қазақстан театрларының ХХІІ республикалық фестивалі өз мәресіне жетті.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты елімізде театр өнерін насихаттау, дәстүрлі театр өнерін сақтап, оны дамыту, дарынды артистер мен режиссерлерді ынталандыру, қазіргі заманғы сахна өнеріндегі жаңа бағыттарды анықтау, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге атсалысу, сондай-ақ, қазақ сахна өнерінің шебері, КСРО және Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті театр және кино актрисасы Сәбира Майқанованы мәңгі есте қалдыру болып табылады.
Бес күн бойы Сыр халқы еліміздің әр облысынан келген тоғыз театрдың өнерін тамашалады. Театрлар шетелдік және отандық, классикалық және қазіргі заман авторларының қойылымдарын өнерсүйер қауым назарына ұсынды.
Фестивальда КСРО Халық артисі Асанәлі Әшімов бастаған өнер тарландары қазылық етті. Сәбира Майқанованың қызы Гүлдәрі Әбдрашитова мен немересі Талғат Байқонуров өнер мерекесінің мәртебелі мейманы болды.
Бес күнге созылған театр фестивалі қорытындысында лауреаттар анықталып, марапатталды. Бұл шараға облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов қатысты. Облыс әкімінің 1 млн. теңге арнайы сыйлығымен Астана қаласының Жастар театры марапатталды. Сондай-ақ, «Қазақ классикалық драматургиясын меңгергені үшін» номинациясына Ғ.Мүсіреповтің «Поэма о любви» спектаклі үшін Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театры ие болса, «Сахналық актерлік ұзақ ғұмыр» номинациясына Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма тетарының актері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Бақытбек Алпысбаев лайық деп танылды. «Үздік әйел бейнесі» номинациясымен Ш.Айтматовтың «Ана – Жер-Ана» спектакліндегі Жер-Ана ролі үшін Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актрисасы Түймехан Атымтаева марапатталды. Ал, «Үздік ер адам бейнесі» номинациясы Софоклдың «Эдип патша» спектакліндегі Эдип ролі үшін С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театрының актері Батырбек Шамбетовке берілді. «Үздік сценографиялық шешім» номинациясына М.Әуезовтің «Қарагөз» спектаклі үшін Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ музыкалық драма театрының қоюшы-суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Серік Пірмахан лайық деп танылды. «Үздік режиссерлік шешім» номинациясына режиссер Қуандық Қасымов ие болды. Қызылорда облысы мәдениет басқармасының С.Майқанова атындағы арнайы жүлдесімен Ш.Айтматовтың «Ана – Жер-Ана» спектакліндегі Толғанай ролі үшін Қазақстанның халық артисі Гүлжахан Әспетова марапатталды. Ал, облыстық мәдениет басқармасының «Үздік драматургия» арнайы жүлдесіне ақын, драматург Иран-Ғайып ие болса, басқарманың «Актерлік ансамбль тұтастығы үшін» арнайы жүлдесі Жұмат Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театрына табысталды.
Айнұр БАТТАЛОВА.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |