« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Соңғы жылдарда облыстың мәдениет саласына қолдау артып келеді. Осыған орай, Сыр өнерпаздары да бедерлі мәдениетіміздің беделін көтере түсуде. Биылғы жылдың өзінде Түркияға, Өзбекстанға барып, Сыр өнерін паш етіп оралған облыстық филармония ұжымының өнер сапары осыған куә.
Жуырда А.Тоқмағамбетов атындағы Мәдениет үйінде облыстық филармония жанынан құрылған камералық оркестрдің беташар концерті болып өтті. Өңірімізде енді ғана құрылып, өз көрермендеріне жол тартқан беташар концертін көрермен қатарында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев та тамашалады.
Сахнаны М.Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсынан би көрсетуден бастаған өнерпаздар кеш барысында Камиль Сен-санстың – «Лебедь», Иоганн Себастьян Бахтың – «Ария», Астор Пьяцоллоның – «Либертанго», Кристоф Глюктің – «Мелодия», Вольфганг Амадей Моцарттың – «Маленькая ночная серенада», Арам Хачатурянның – «Қылышпен билеу», Джулио Каччинидің – «Аве Мария», Джузеппе Вердидің – «Сицилия кешінен Еленаның болеросы», Е.Хасанғалиевтың – «Нұрлы таң», Джакомо Пуччинидің Джанни Скикки операсынан – «Лауреттаның ариясы», Евгений Доганың – «Вальс», К.Күмісбековтің – «Поэма», Ғазиза Жұбанованың «Мерекелік күй» шығармаларын жоғары деңгейде орындап, жиылған көпшілікті бір серпілтіп тастады. Алғашқы бағдарламасында-ақ әлемдік және қазақ халық әндерін орындап, тыңдармандарын баурап алған аталмыш ұжым алдағы уақытта жаңа репертуармен толығып, өңір мәдениетін дамытуға өз үлестерін қоспақ. Камералық оркестрге «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері, дирижер Кеулімжай Ботабаев жетекшілік етеді.
Талғампаз көрерменнің көңілінен шыға білген өнер ұжымының табысына әлі талай қол соғатынымызға сенім мол.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |