« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Ынтымақ пен жаңалықтың жаршысы
Елбасы
бағдарламаларында еліміздің дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсаты нақты
жоспарлармен нақтыланған. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет нақты
тұжырымдама жобасын жасап, қазір барша халық сол міндет үдерісінен шығу
барысында еңбек ету керек. Әрине, атқарылып жатқан қыруар істер жамағатқа
жетіп, оның жақсысынан үлгі алса, нашарынан сабақ алуы тиіс деп ойлаймын осы
орайда облыстық «Сыр бойы» газетінің орны ерекше екендігі анық. Өзім еңбекке
араласқан отыз жылдан астам уақыттан бері аталмыш басылымның әр санын
күнделікті оқып, ақпараттарына қанығып отырамын. Онда жалаң сөз ғана емес, адам
ой түйетін сараптамалық материалдардың көптеп басылуы расында сүйсінерлік іс.
Сондай-ақ, танымдық, тәрбиелік тұрғыдағы мақалалардың да орны ерекше екендігі
рас.
Жуырда редакция журналистерімен мекемемізде болған кездесу барысында да дәрігерлер мен орта буын мамандар өз ойларын ашық айтып, алдағы уақыттарда газеттен не көргісі келетіндігі жөнінде пікірлерінен хабардар етті. Сондықтан редакция алқасы оны ескерер деп ойлаймын.
Көптеген болжамдар бойынша, алдағы 15-17 жыл Қазақстанның ауқымды серпілісі үшін «мүмкіндіктер көзі» болмақ. Оның бір қадасы ретінде күні кеше Қазақстан, Ресей, Беларусь Президенттерінің Евроодақ келісіміне қол қоюын айтуға болар. Бұл еліміздің кеңістігін ұлғайтып, экономикалық мүмкіндіктерін арттырады деп ойлаймын. Әрине, бұл орайда ел халқына уақыт талабына сай еңбектене білу, ізденіс жолында жаңа мүмкіндіктерді ашу қажеттілігі керек екендігі белгілі.
Сөз соңында айтарым, ауызбірлік пен ынтымақ және де тәртіп мәселесін босаңсытуға болмайды, не нәрсеге арналсаң сол шаруамен шұғылдану керек. Және де оны тиянақты орындау керек деп түсінемін. Біздің аудандық аурухананың жүзден астам қызметкері облыстық аға басылымға жазылып үлгерді, бұл әлі де жалғасын таба беретін болады.
Сәулебек Искаков,
Жаңақорған аудандық ауруханасының бас дәрігері.
Оқырман жүрегіне жол тапқан
Егеменді елімізде адамның денсаулығы, өмірі басты назарда тұр. Соған орай мемлекет тарапынан медицина саласына тұрақты түрде қолдау жасалып келеді. Бөлінетін қаржының көлемі де жыл санап арта түсуде. Соңғы уақытта жалақы көлемі де біршама артты.
Ауруды емдегеннен алдын алған абзал. Біздің ұжым осы қағиданы берік
тұтынады. Нәтижесіз де емес. Дәрігерлеріміздің арасында жоғары, І, ІІ санатты
біліктілер баршылық. Салада көптеген күрделі ота жасау дағдыға айналды. Қолы
шипалы дәрігерлердің емінен соң жүздеген науқас сауығып қайтадан отбасына
аман-есен оралды. Мұнан өткен бақыт бар ма?!
Аурухана шетелдік озық үлгідегі құрал-жабдықтармен, диагностикалық аппараттармен жабдықталған. Аудан халқына мамандандырылған көмек көрсетіледі. Ұйымдастыра білген ұтады. Алдағы уақытта жұртшылық көңілінен шығу – кәсіби парызымыз.
Ізденген жетер мұратқа. Дәрігерлер қауымы қоғам өміріндегі жаңалықтардан қалыс қалып көрген емес. Бұл ретте БАҚ-ның алар орны баршаға мәлім. Біздің ұжым аймақ басылымдарының қарашаңырағы – «Сыр бойының» тұрақты оқырмандары. Аталмыш газетте жарияланған танымдық, өзге де тақырыптағы мақалаларды қалт жібермей қадағалап отырамыз. Биыл да ұжым мүшелері сол үрдістен жаңылған жоқ. Алғашқылардың бірі болып жазылдық. Қашанда оқырмандарыңды тұшымды дүниелермен қуанта бер, «Сыр бойы».
Арғынбай АСАНБАЕВ,
Арал аудандық ауруханасының бас дәрігері,
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |