
Сүйінші! Наурыздың 20-24-күндері аралығында Алматы қаласында өткен ІІ халықаралық «ALMALY.KZ» балалар өнер фестивалінде жерлесіміз Арайлым Берік бас жүлдені, «Вокал – 2014» жарысы негізінде І орынды жеңіп алды.
Өнерді жанына серік еткен Арайлым «Мини мисс «ALMALY.KZ – 2014» сайысы бойынша 2015 жылдың қаңтар айында Лас-Вегас қаласында, «Вокал – 2014» сайысы бойынша желтоқсан айында Латвияның Риго қаласында өтетін халықаралық фестивальде қазақ елінің намысын қорғайтын болады. Бұған дейін ол І Халықаралық «Кинотаврик.kz» балалар өнер фестивалінің дипломаты, «Біз Отанның ұланы» атты республикалық байқауда ІІІ жүлделі орынды иеленген. Талабы таудай жас талантқа бізде өз кезегімізде сәттілік тілейміз.
М.ОТАРАЛЫ.