“СӨЗ СОЙЫЛДЫҢ” СЕРКЕСІ

“СӨЗ СОЙЫЛДЫҢ” СЕРКЕСІОблыстық "Сыр бойы” газетінің Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы меншікті тілшісі, белгілі жазушы-сатирик Нұрмахан Елтайға "Егемен Қазақстан” газетінің "Сөз сойыл” әзіл-сықақ отауында жыл бойғы жарық көрген мазмұнды да көркем туындылары үшін Балғабек Қыдырбекұлы атындағы жүлде берілді.
Өмірдің күнгейі мен көлеңкесін қатар таразылайтын қаламгер-жорналшының "Жайма базар”, "Қатырамыз”, "Сүйінші дайындаңыздар”,  "Ауылдың айтқыштары”, "Беті бүлк етті”, "Үшінші тайм”, "Беласар” атты кітаптары жарыққа шыққан.
Біз әріптесімізді әдеби жүлдесімен құттықтап, шығармашылық шабыт тілейміз.
Оқырманға берер ойлы дүниең мол болсын, сатира сарбазы.

РУХАНИЯТ 29 наурыз 2014 г. 1 068 0