« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қазақтың ұлттық аспабы домбыра түрік жастары арасында кеңінен танымал.
Соңғы жылдары бұл аспапты үйренуге Түркиядағы қандастарымызбен қатар жергілікті халық та ерекше қызығушылық танытып отыр. Егер бұл үрдіс бұқаралық сипат алатын болса онда келешекте домбыра Түркия мектептерінде факультатив сабақ ретінде енгізілуі мүмкін. Ол үшін арнайы оқу әдістемесі әзірленіп, осы елдің Білім министрлігінің қарауына жіберілген.
Соңғы уақытта түрік елінде домбыраның күмбірлеген қоңыр үні саяси партиялардың әнұраны мен тарихи сериалдардың рухты әндеріне жиі қолданыла бастауы қазақтың ұлт аспабына деген жергіліктің халықтың қызығушылығын оятты. Әсіресе домбыраның құлағында ойнағысы келетін жастардың қарасы күрт көбейді. Соның бірі – Ыстамбұл университеті түркология факультетінің студенті Гамзе Нур Налбант. Қазақ тілін небәрі 7 айда меңгеріп алған ол, енді қазақ күйлерін нақышына келтіріп орындасам деген ойымен бөлісті.
Гамзе Нур Налбант, студент:
– Мен Қазақстанды жақсы көремін, қазақтар – біздің бауырымыз. Мен ол жаққа бардым. Қазақша үйреніп алған соң, домбыраны да үйрену керек деп ойладым. «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра», сол себепті қазақтарды жақыннан тану үшін домбыра үйренуді бастадым.
Түркиядағы қазақ диаспорасының қолдауымен Ыстамбұлда домбыра үйірмесінің ашылғанына бірнеше жылдың жүзі болды. Бүгінгі дейін осы үйірмеден 50-ден астам шәкірт түлеп ұшты. Қазір олар Түркиядағы ірі мәдени шараларда өнер көрсетіп, халықтың ықыласына бөленіп жүр. Қос ішекті шертуге орта жасты алқымдаған ел ағалары да келіп, нота үйреніп жатыр. Осыған орай, биыл ересектер үшін арнайы топ ашылыпты.
Ерол Йолжу, Түркиядағы қазақ диаспорасының өкілі:
– Өзім қазақ күйлерін жақсы көремін. Өлеңге де құмармын. Енді домбыраны жақсы ойнап, әліпби үйренсем деймін.
Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде музыкалық білім алып, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, танымал күйші Айгүл Үлкенбаеваның шәкірті болған Седат Солақұлы Қазақстандағы ұстаздарына дән риза. Сол кісілердің аманатына қиянат жасамай, Ыстамбұлда ұзақ жылдан бері домбырадан дәріс беріп, жастарды қазақ өнеріне барынша баулып келеді. Седаттың жалғыз арманы – домбыраны мектеп бағдарламасына енгізіп, Анадолы елінде қазақтың ән-күйін кеңінен насихаттау.
Седат Солақұлы, домбыра үйірмесінің ұстазы:
– Біз домбыраны мектепте енгізу үшін домбыра методикасын жасап қойдық. Қазір ол Білім министрлігінде қол қоюға жіберілген. Ол болатын болса, Түркияда домбыра сабақтары заңды түрде мектептерде оқытылады. Сол үшін тырысып жатырмыз. Бізді үлкен басшыларымыз естісе, өте қуанышты болар едік.
Домбыра үйірмесі сынақты сәтті тапсырған үздік шәкірттеріне арнайы сертификат табыстайды. Егер домбыра Түркияда қосымша сабақ ретінде бекітілсе, онда ұстаздарға қажеттілік туындайды. Міне осы кезде үйірменің түлектері сертификаттарын көрсетіп, мұғалім атануларына болады. Қазақ диаспорасы сол сәтті тағатсыздана күтіп, қазірден бастап дайындалып жатыр екен.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |