« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
– Домбыра мұнша шешен болдың неге?
Күй толған көкірегің шежіре ме?
Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесің,
Саусағым тиіп кетсе ішегіңе.
Бұл – ақын Қасым Аманжоловтың домбыра жайлы өлеңі. Екі ішекті осы бір музыкалық аспап ұлтымыздың қасиетін айғақтап жатқандай көрінеді. Домбыра – ғасырлар сырын сақтаған, дала сазымен үндес қазақтың ұлттық музыкалық аспабы. Оның қос ішегінен шыққан әуен жансарайыңды баурап алады.
Домбыраның шығу тарихы туралы бірнеше аңыз-әңгіме бар. Оның бірі «Мұңлық-Зарлықпен» байланысты болса, екіншісі әйгілі «Ақсақ құланмен» астасып жатыр. Дегенмен, бұл аспап әр аймақта әртүрлі болып келеді. Солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарда домбыра көлемі шағын, жеті-тоғыз пернелі болса, Батыс Қазақстан аумағында кездесетін домбыра шанағы жұмыр, мойны ұзын он екі, он төрт пернелісі кездеседі.
Қазақта төкпе және шертпе күй қағыстары қалыптасқаны белгілі. Мұның өзі домбыраға байланысты болады. Сазды күйлер Арқа өңірінде, ал, төкпе күйлер батыс аймақтарда кең таралған. Домбыра шертудің «сұқпа» (сұқ және орта саусақпен шертіп ойнау), «жап тақымта» (ішекті бос күйінде қағып, пернені басып отыру), «іліп-қақпай» (ішекті іліп қағу), «теріс қақпай» (жоғары-төмен) деп аталатын түрлері бар.
Домбыраның екі ішекті түрінен басқа үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, шіңкілдек немесе «Балақай домбыра» деген түрлері кездеседі. Онымен халық күйлерін ғана емес, батыс және шығыс классикалық шығармаларын, танымал туындыларын, бір сөзбен айтқанда, барлық музыкалық әуенді орындауға болады. Оның ерекшелігі де, басқалардан даралайтын қасиеті де осында жатса керек.
Шолпан АБИЕВА,
№136 Т.Жүргенов атындағы мектеп-лицей мұғалімі.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |