
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айқындалған міндеттерді жүйелі жүзеге асыру мақсатында өңірімізде «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық офисі құрылып, ұйымдастырушылық құжаттар әзірленіп қабылданды (Қызылорда облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын орындауға бағытталған Іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу бойынша облыстық медиа-жоспар, Қызылорда облысы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іс-шаралары, жобалары Жол картасы).
Бұл бағытта 79 жоба, 100 ірі көлемді шараны қамтитын 4 кіші бағдарлама («Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани қазына», «Ақпарат толқыны») жүзеге асырылуда.
Өңірде 213 үкіметтік емес ұйым, 39 жастар ұйымы, 11 этномәдени орталық, 2 ғылыми-білім беру ұйымы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді атсалысуда.
Бағдарламаның қабылдануымен бюджеттік және бюджеттен тыс көздерден 81 жоба жүзеге асырылды, оның ішінде 52 жоба немесе 64,1 пайызы аймақтың үкіметтік емес секторының әлеуетін тарта отырып жүзеге асырылуда, сонымен қатар 651 ауқымды шара ұйымдастырылды.
Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін дамытуға және аймақтың туристік әлеуетін дамытуға бағытталған «ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесінің аясында ұйымдастырылған жобаны атап өтуге болады. «Қорқыт ата» мемориалды кешенінде «Этноауыл» жобасы жүзеге асырылып, онда 7 ұлттық киіз үйде қазақтың қолөнер бұйымдары және зергерлік бұйымдар ұсынылды. Этноауылға 37 мемлекеттен және басқа облыстардан 13 мыңнан астам турис пен қонақтар келді.
Қазақстан халқының облыстық Ассамблеясының секретариаты және этномәдени ұйымдарының қатысуымен «Ұлы дала елі тарихы» тарихи-тану экспедициясы ұйымдастырылды. Экспедиция мүшелері Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының киелі жерлеріне барды.
Жастардың шығармашылық әлеуетін қолдау және бағдарламаны іске асыруға жастарды кеңінен тарту мақсатында өңірімізде барлық деңгейдегі 9 жастар ресурстық орталығы базасында 61 жастар орталығы, жоғары оқу орындарының, орта және арнаулы оқу орындарындағы жастар ісі жөніндегі 33 комитеті, кәсіпорындардағы жастар ісі жөніндегі 19 комитеті құрылып, олардың платформаларында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мақсат, міндеті талқыланып, студент жастар мен оқушылар арасында шығармашылық байқаулар өткізіліп, түрлі жобалар әзірленуде.
«Zhastar Camp Qyzylorda-2017» шеңберінде жастардың ой санасын жаңғыртудың кейбір аспектілері бойынша 1000 жас үшін 2017 жылдың маусымында Жаңақорған ауданындағы «Тау самалы» демалыс лагері базасында оқыту семинарлары ұйымдастырылды.
Бұл бағыттағы жұмыстарға өңірімізде 42 белсенді жастар ұйымы, 8 еріктілер және 39 жас спортшылар ұйымы жұмылдырылды. Жастар ұйымдары өңіріміздегі жоғары, арнаулы және орта оқу орындарымен бірлесіп 1136 іс-шара өткізді.
«Тәрбие және білім» бағытын жүзеге асыруға өңірдегі жоғары оқу орындарының және білім беру ұйымдарының оқытушылық құрамының 80%-ы жұмылдырылды.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Туған жер» бастамашыл топ және «Business Start» жобалық кеңсе құрылса, «Мәңгілік ел» ғылыми-практикалық орталық пен «Ақиқат» пікірталас клубы жұмыс жасауда.
«Рухани жаңғыру», «Мәңгілік Ел және ұлттық дәстүр», «Жергілікті зерттеулер», «Мемлекеттік этносаясат негіздері», «Өркениеттің негіздері», «Мәдени мұра», «Рухани және адамгершілік тәрбие жүйесі», «Мәдениеттану», «Саясаттану және әлеуметтану» тақырыбындағы арнайы пәндер енгізіліп, тақырыптық кафедралар ашылды.
Облыстық және аудан орталықтарында 113 баннер, 28 көшелік жарнама, 3875 жарнамалық парақтар таратылып, көшелердегі LED экрандар жұмыс жасауда.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын ақпараттық сүйемелдеу аясында республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында 7172 материал жарияланды. «Kyzylorda-news» интернет-ресурсында, облыс әкімінің порталында, облыстық, қалалық және аудандық басылымдарда мақалалар жарық көрді. Сонымен қатар, аймақтық басылымдарда «Рухани жаңғыру», «Статья Президента РК: резонанс», «Серпін», «Үн қосу», «Мезгіл мәселесі», «Пікір мен пайым» рубрикалары ашылды.
«Qyzylorda», «Қоғам ТВ» телеарналарында «Өзекжарды», «Мезгіл мәселесі», «Жаңа күн», «Қазақстан – 2050: дамудың даңғыл жолы», «Алқа», «Туған өлкем», «Мәртебелі мамандық» телехабарлар циклында сюжеттер мен жұртшылық лебізі берілді.
2017 жылдың сәуір айынан бастап «Рухани жаңғыру» тақырыбында 14 видеоролик «Qyzylorda» телеарнасынан күн сайын көрсетілуде. Интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде «Рухани жаңғыру», «project_office_ruhanizhangyru» парақшалары ашылды. Бұл блогплатформаларда Сыр елінің тарихи жерлері, аймақтың мәдени мұрасы және облыстың 100 жаңа есімі туралы ақпараттар суреттерімен қоса жарияланады.
Бағдарламаның ағымдағы орындалуы жайлы халықпен байланысты қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігінің интернет-ресурсында облыс әкімінің блогы жұмыс жасайды, онда портал пайдаланушыларынан түскен ұсыныстар жинақталады. «Facebook» әлеуметтік желісінде «Рухани жаңғыру Қызылорда» парақшасы ашылып, онда өткізіліп жатқан шараларды кең жариялаумен қатар, ұсыныстар, бастамалық идеялар, пікірлер қабылданады.
Сонымен қатар, халықпен байланыс «Рухани жаңғыру» ақпараттық тобының халықпен кездесу барысында да қамтамасыз етілді. Топ құрамына мемлекеттік органдардың мамандарымен қатар шығармашылық және ғылыми интеллигенция, масс-медиа, мәдени-тарихи мұра мәселелері бойынша эксперттер тартылды. Бағдарлама жүзеге асырылғаннан бері облыстың барлық елді мекендері, еңбек ұжымдары қамтылып, 264 түрлі форматтағы кездесу өтті.
«Рухани жаңғыру» аймақтық жобалық кеңсе аясында азаматтарды қабылдау күнделікті жүргізілуде. Бұл қабылдаулар жөнінде хабарландырулар облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.
Жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасын бағалау мақсатында 2 айда бір рет әлеуметтік сауалнама арқылы халықтың ақпараттандырылу деңгейі зерттеледі. Сауалнама нәтижесі барлық көрсеткіштер бойынша оң нәтиже көрсетті.