| « Сәуір 2026 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
| 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
| 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
| 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
| 27 | 28 | 29 | 30 | |||
Жазушы, Бауыржан Момышұлының келіні, қазақы дәстүрлерді, отбасылық құндылықтарды насихаттаушы Зейнеп Ахметованың жаңа кітабы жарық көрді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Күретамыр» деп атаған кезекті кітабын жазушы бала тәрбиесіне арнап отыр. «Қазақтың салт-дәстүрі туралы қалам тербеген этнографтар жетерлік. Бірақ, олар өз еңбектерінде ұлттық жөн-жоралғылардың қалай жасалатынын ғана айтатын. Зейнеп апаның жаңа кітабында келіннің бойына бала біткеннен, оның дүниеге келуі, өсуі, мүшел жасқа жетуіне дейінгі аралықта жасалатын салт-дәстүр мен ырым-тыйымдар, олардың мән-мағынасы, не үшін жасалатыны кеңінен түсіндіріледі», - дейді З.Ахметованың көмекшісі, журналист Айгүл Болатханқызы.
Айгүл Болатханқызының айтуынша, тағылымға толы «Күретамыр» - автордың бұған дейін жарық көрген «Шуақты күндері» мен «Бабалар аманатының» заңды жалғасы. Жаңа кітап 2 мың таралыммен, демеушінің қаржысына шығарылған.
| « Сәуір 2026 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
| 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
| 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
| 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
| 27 | 28 | 29 | 30 | |||