Сымбат Абдрахманова, Қызылорда облыстық оқу орталығының бөлім меңгерушісі:"Балдырғандарға кішкентай кезінен ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру үшін мультфильм таптырмас құрал. Қазіргі таңда өскелең ұрпақ «Шрек», «Бентен», «Спанчбоб», «Винкс», «Кунг-фу Панда», «Көліктер» сынды тағы басқа да көптеген шет елдердің анимациясын көгілдір экраннан көз алмай тамашалайтыны рас. Әрбір өсіп келе жатқан сәби кішкентай кезінен осы секілді мультфильмдерді ғаламтор желісінен орыс тіліне көріп жүр. Мен де педагог әрі 3 баланың анасы ретінде, "Ел боламын десең, бесігіңді түзе" дегендей олардың саналы, толыққанды, жан-жақты тұлға болып қалыптасуы үшін, қазақ тілінде дамытушы мультфильмдер жасап шығардым. Мультфильмдер ерте жастан балалардың тілі қазақша таза, еркін шығуын, сөздік қорының молаюын, ойлау қабілетін, қиялын дамытуын алға қоя қояды. Сонымен қатар, балаларды батырлық пен ерлікке, патриоттық сезімге тәрбиелейді. Мультфильмдер 9 сериядан құралып, басты кейіпкермен бірге балалар түрлі кедергілерден бірге өтеді. Мультфильмдегі жаттығулар үлкен өмірге қадам басатын балдырғандарға өмірлік сабақ болары сөзсіз. Сонымен қатар бұл мультфильмдер логопед мамандарға әдістемелік құрал ретінде пайдалануға арналған. Барлық мультфильмдер балабақшаларға, арнаулы білім беретін ұйымдарға тегін түрде таратылып берілді".