Бүгін дәстүрлі Арал өңірі балықшыларының ІІІ слеті өз жұмысын бастады. Табиғаты көркем Қамбаш жағасында ұйымдастырылған тағылымды шараға елімізбен қатар алыс-жақын шет мемлекеттерден арнайы меймандар келді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 шілде 2017 г.
1 613
0
Әлде кадр тапшылығынан ба, әлде партияның сыңаржақ, солақай кадр саясатынан ба, әйтеуір, кеңес дәуірінде Қызылорда облысының партия, кеңес органдары басшылығына келіп кеткендердің қатары қалың болды. Кейбір басшы кадрлар бар-жоғы үш айға ғана келіп, облыстың кадрлардың сынақ алаңына айналғаны ақиқат. Оның бәрі бірдей заман, уақыт талабына сай болды, елдің, халықтың сенімі мен үмітін ақтап, көңілінен шықты деп айту қиын. Бірақ, айналайын Қызылорданың кеңқолтық халқы бәріне де бағынды, бәрін де тыңдады, сыйлады, бәріне де сенді, көнді, ешқайсысының да көкірегінен итеріп, бетін қайырмады, сағын сындырмады.Халық «Келіннің аяғынан, шопанның таяғынан» дегендей, жақсы басшы келсе: «Елге құт, береке, қыдыр келді» – дейді, жаман басшы келсе: «сұмырай келсе, су құриды» – дейді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 шілде 2017 г.
768
0
Қала ішіндегі қоғамдық көліктерге төленетін жолақыны қымбаттату туралы ұсыныс айтылғанына біршама уақыт болды. Алдымен өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистерге арнап брифинг өткізілді. Қалада бірнеше рет қоғамдық тыңдау ұйымдастырылды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 шілде 2017 г.
1 521
0
Жыл сайын көлік апатынан әлем жолдарында 1,25 миллион адам табады. Көз жұматындардың көбі – 15 пен 29 жас аралығында. 180 мемлекеттің есебін електен өткізген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай дабыл қағып отыр. Оған тағы 25-50 миллион адам денсаулығынан айырылатынын қосыңыз.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 шілде 2017 г.
1 277
0
Қазақ халқының тарихқа толы алтын бесіктерінің бірі – Сыр өңірінің Арал аймағы. Қасиетті өңірде табиғат салдарынан, зұлмат заманның және жойқын соғыстардың зардабынан құм жұтып, уақыт тезіне төзе алмай жойылып кеткен қалалар көп. Солардың ішіндегі жаңа зерттеулер нәтижесінде Арал теңізінің кепкен табанынан табылған Кердері І мен ІІ кесенелері және Арал–Асар қалашығының табылуы қазақстандық тарихшы-археолог мамандардың назарын аударды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 шілде 2017 г.
1 722
0
2013 жылдың желтоқсан айында ҚР Парламенті Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесін ұйымдастыру мен өткізу мәселелері жөніндегі заңды қабылдады. Көрме тақырыбының «Бола¬шақтың энергиясы» аталуы өте орынды. Бұл іс-шараның негізгі мақ¬саты – жұртшылықтың назарын энергия ресурстарын ұтымды пайда¬лануға аудару және жаңартылатын энергия көздері мен энергия¬ның басқа да баламалы көздерін пайдалануды ынталандыру.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 шілде 2017 г.
605
0
12-17 маусым аралығында Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу-жаттығу орталығында ІІІ Халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 шілде 2017 г.
869
0
Бүгін, яғни, 1 шілдеден бастап елімізде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі өз жұмысын бастайды. Осы орайда өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ төрайымы Елена Бахмутова мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова аймақта атқарылған жұмыстарды саралады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 шілде 2017 г.
733
0
Кеше Байқоңыр қаласы әкімшілігінің сайтында осы өңірден оба індетінің белгілері табылғандығы туралы хабарлама жарияланған болатын. Осыған орай, облыстық обаға қарсы станция жетекшісі Алма Матжанова, облыстық ветеринарлық бақылау басқармасының басшысы Ерсұлтан Әпетов пен облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жанабаев өңірлік коммуникация қызметінде брифинг өткізді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 шілде 2017 г.
502
0
Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің болашаққа дұрыс қадам жасауға көмектесетін, тарихи сана, мәдениет, дәстүр және ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыратын өзіндік тарихы бар. Отаншылдық пен патриоттық сезімге және жауапкершілік пен адамгершілік қағидаларына тәрбиелеу мақсатында, қауіпсіздік органдарының осындай тәжірибесімен, жетістіктерімен жас қызметкерлерді тұрақты таныстырып отырған дұрыс. Кеңес өкіметі тұсында қауіпсіздік органдарының қызметінде асыра сілтеушілік болғанын да жастарға жасырмай айту керек. Қаһарлы ВЧК-ОГПУ-НКВД органдарының қаһармандықпен қатар, қасіретті істері де жетерлік. Бұл, жанға бататын шындық. Алайда, өткен тарихты түзетуге болмайды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы КСРО МҚК-нің өткен тарихын, жетістіктері мен кемшіліктерін бірге мұра етті. Сондықтан да біз оны тұтас қабылдауға тиіспіз.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 шілде 2017 г.
829
0