Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары Аранды ауылындағы №97 орта мектептің ауласына жайылған суды арнайы техникамен толықтай тартып алды. Қазір, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, мектеп аумағында арнайы тексеру комиссиясы жұмыс істеуде. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Алмат Ізбасар мәлімдеді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
12 наурыз 2018 г.
988
0
Облыс əкімінің орынбасары С.Сүлейменов, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы С.Сермағамбетов жəне облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы О.Бержанов бастаған жұмыс тобы аймақтың солтүстік аудандарында су тасқынының алдын алу жұмыстарын пысықтау барысында Арандыдағы №97 мектеп аумағын су басты деген хабарламаға сəйкес оқиға орнына барып, нысанның жағдайымен танысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
12 наурыз 2018 г.
866
0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыртуды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қаулысының негізінде еліміздің барлық өңірлерінде жылына екі рет ер азаматтарды әскерге шақырту науқаны жүргізіледі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
12 наурыз 2018 г.
517
0
Қызылорда қалалық "Айтбай" мешітінде ақ некелерін қидырған Төлеби Есенжолұлы мен Нұрбану Абызқызы қаржыларын кортежге емес, қайырымдылыққа жұмсап, игі істің өнегесін көрсетті, деп хабарлайды NUR.KZ.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
12 наурыз 2018 г.
1 053
0
Қазақстандық әйелдер мемлекет ЖІӨ-нің 40%-ын қалыптастырып отыр. 6 наурыз күні Орталық коммуникациялар қызметінде әйел кәсіпкерлігін қолдау және дамыту тақырыбына арналған баспасөз конференциясы өтті. «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова, Жамбыл облысы Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Айгүл Ақшалова, Атырау облысы Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Әлия Бекқожа, сонымен қатар ҚР Іскер әйелдер кеңесі мүшесі Гүлмира Шажанбаева, «Атамекен» ҚР ҰКП Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Шұға Наурызбаева іс-шараның спикерлері болды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
11 наурыз 2018 г.
609
0
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ерікті студенттер тобы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Президенттің бес бастамасы" атты халыққа үндеуін қолдау мақсатында флешмоб ұйымдастырылды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
11 наурыз 2018 г.
624
0
Әрбір тарихи даму кезеңінде өзіндік идеясы болмайтын ұлт жоқ және кең ауқымдар адамдар тобының санасы мен жүрегін жаулап алуда ешбір идея тиімділігі жағынан ұлттық идеямен теңдесе алмайтыны анық. Ұлттық идея - ұлттың сол тарихи кезінде өзін-өзі тануынан көрініс табатын ұлттық санада басымдаққа ие көзқарастар. Ал белгілі мақсат-мүдде, мұратсыз ұлт - ұлт болып қалыптасуы да, сақталып қалуыда мүмкін емес.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
11 наурыз 2018 г.
575
0
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Абзал Мұхимов «Қоғамдық бақылау картасы» жобасын таныстырды. Бұл бастаманың мәні мен тұжырымдамасы қарапайым әрі түсінікті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
08 наурыз 2018 г.
703
0
«Qazaqstan» ұлттық арнасында «Президенттің әлеуметтік бес бастамасы» атты халыққа Үндеуіне байланысты республикалық телекөпір өтті. Оған ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекмырза Еламанов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов қатысып, пайымды пікірлері мен орамды ойын ортаға салды. Телекөпір барысында аймақтармен де тікелей байланыс орнатылып, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев 5 бастаманы жүзеге асырудың негізгі бағыттары туралы баяндады. Биыл өңірде «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» екеніне тоқталып, шағын несиенің мүмкіндіктері жайлы тарқатып айтты.– 2018 жыл – өңірімізде жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы. Осыған байланысты бірқатар тың бастамалар қолға алынып, жүйелі жұмыстар жалғасын табуда. Біз неге кәсіпкерлікті дамытуға басымдық беріп отырмыз? Біріншіден, бізде 90 мыңнан астам өзін-өзі өнімсіз еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындарды жұмыспен қамту міндеті тұр. Олардың басым көпшілігі ірі өндірісті дамытуға мүмкіндік бола бермейтін ауылдық жерлерде тұрады. Ал жаңа жұмыс орындары негізінен шағын және орта кәсіпкерлікпен қамтамасыз етіледі. Тек соңғы жарты жылда өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған 16 мың адамды жұмысқа орналастыруға қол жеткіздік, – деді аймақ басшысы.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
08 наурыз 2018 г.
421
0
Сейсенбі күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінен туындайтын міндеттерді саралаған облыстық актив жиыны өтті. Елбасы Парламент палаталарының бірлескен отырысында бес бастамадан тұратын үндеуін жариялаған болатын. Аймақ басшысы оның дамудың ұзақмерзімді ұлттық бағдарламасы – 2017 жылғы конституциялық реформаның, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының, экономиканы цифрландыру жөніндегі бағдарламаның қисынды жалғасы екенін атап өтті. Сондай-ақ, облыс басшысы үндеуде көтерілген мәселелерге кеңінен тоқталып, олардың өңірімізде орындалу барысын жеткізді.Қазақстан Президенті көтерген негізгі бастаманың бірі «7-20-25» бағдарламасы. Онда баспана алудың жаңа мүмкіндіктері қарастырылған. Сондай-ақ, несие өсімінің мөлшерлемесін жылына 7 проценттен асырмау, бастапқы жарнаны 20 процентке азайту, несие мерзімін 25 жылға дейін ұлғайту көзделген.Облыс әкімі осы мақсатта 3 жылға арналған «Орда» тұрғын үй құрылысы жол картасы әзірленгенін айтты.– Несиелік тұрғын үйдің көпбалалы отбасылар, мүгедектер мен тұрғындардың аз қамтылған топтарының барлығына бірдей қолжетімді еместігін ескеріп, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан несиелік тұрғын үйлерді жергілікті бюджет есебінен сатып алуға жыл сайын облыстық бюджеттен 2 млрд теңгеден қаржы бөлу туралы шешім қабылдадық. Оларды тұрғындарға кейін өтеу құқығымен алғашқы төлемсіз ай сайынғы жалға алу құны шартымен беретін боламыз. Осылайша, «Орда» тұрғын үй бағдарламасы Президент бастамасының қисынды жалғасы болмақ, – деді аймақ басшысы. Сондай-ақ, облыс әкімі бастапқы жарна ретінде есепшотында 20% қаржысы жинақталған несие алушылардың санын анықтау үшін салымшыларға талдау жасауды тапсырды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
08 наурыз 2018 г.
565
0