
Сенбі күні А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Өнер ордасы – Қызылорда!» атты Қызылорда қаласының мәдениеті мен өнері күніне арналған мерекелік концерт өтті.
Шара барысында қала мектептері мен балабақша, кітапхана ұжымдары қолөнер, сурет көрмесін ұйымдастырып, көрермендерге рухани ләззат сыйлады.
«Бақыт бәйтерегі» атты композициялық қойылымнан басталған өнерпаздардың шығармашылық кеші әсерлі өтті. Өнер иелері әсем әнімен, мың бұралған биімен, күмбірлеген күйімен тыңдармандарының жан-дүниесін баурап алды. Рухани кешті аймақ басшысы Қ.Көшербаев және қала әкімі Н.Нәлібаев тамашалап, жергілікті өнерпаздардың өнеріне разы болысты.
Тұңғыш Президент күнінен бастау алған облыс аудандарының барлығы шығармашылық концерттерін өткізді. Соңғы кешті Қызылорда қаласының өнерпаздары өз деңгейінде аяқтады.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.