« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |
Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесі қарсаңында Ақтөбе
қаласында Қызылорда облысының «Сыр – Алаштың анасы» атты күндері өтуде. Атаулы
күндердің алғашқы шарасы кеше Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма
театрында мәдениет саласы майталмандарының гала концертімен басталды. Сонымен
қатар, Қызылорда облыстық филармониясына қарасты Тұрмағамбет атындағы халық
аспаптар оркестрі ұжымы тәуелсіздікке тарту ретінде «Азат елдің ақ таңы» атты
концертін ұсынады. Аталған концерт Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияда бүгін
өтуде.
Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, облыстық филармония әртістері мен облыстық тарихи-өлкетану музейі және оның филиалы болып саналатын облыстық көркемсурет галереясы және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы осы маңызды шараға атсалысуда.
Айта кетейік, кеше Ақтөбе облыстық өнер музейінде Сыр өңірі қылқалам шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің көркемсурет галереясының қорындағы Әбілхан Қастеев, Айша Ғалымбаева, Гүлфайрус Исмайлова сынды тума таланттардың туындылары қойылды. Сонымен қатар жергілікті суретшілер Қайырбай Зәкіров пен Аманкелді Кененбаев және жас суретші Дәулет Тойшыбаевтың да туындылары, жалпы саны 50-ге жуық картианалар осы көрмеге қойылды. Өнер иелерінің қайталанбас жұмыстары қала жұртшылығы мен қонақтарына эстетикалық тұрғыда рухани әсер сыйлады.
«Сыр – Алаштың анасы» атты концертте Тұрмағамбет халық аспаптар оркестрінен өзге кеше ғана Түркия, АҚШ елдерінің сахнасында қазақ би өнерін паш етіп келген «Томирис» би ансамблі өнер көрсетті. Ал жыршылардан Сырдағы әйгілі төрт мектептің өкілдері – Майра Сәрсенбаева, Шолпан Бимбетова, Руслан Ахметов, Әзілхан Мақсатбаев және халықаралық балалар шығармашылығы байқауының лауреаттары Құралай Мейрамбек, Дильназ Төлеген, Диас Омар өнер көрсетті. Сондай-ақ, облыстық филармонияның өнерпаздары Ринат Үсенов, Назерке Нұраддинова, Данияр Есентеміров, Самал Байсейтова, Назым Тлеулесова, Олжас Нұрәлиевтер ән шырқады.
Бұған қоса, Елбасының өңіраралық кооперацияны дамыту туралы тапсырмасын Қызылорда мен Ақтөбе облыстары алғашқылардың бірі болып орындауда. Нақты кезеңде іргелес жатқан қос аймақтың байланысы барлық салада нығая түсті. Мұны Ақтөбеде Қызылорда облысының күндері аясында өтіп жатқан мәдени шаралар мен іскерлік байланыстардан айқын аңғаруға болады. Сондай-ақ, білім, денсаулық, мәдениет, туризм салаларында бірлесе дамыту мәселелері қаралды. Мәселен, кеше қызылордалық делегация осы облыстағы ірі кәсіпорындарды, шаруа қожалықтарында болып, мемлекет пен жеке меншік аясында жүзеге асып жатқан жобалармен танысты, екі өңірідің арасындағы ынтымақтастықты арттыруға байланыты бірқатар меморандумдарға қол қойылды.
Сара ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.
« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |