ҚАРАТАУДАН ҚАНАТТАНҒАН ӘН-ЖЫР

ҚАРАТАУДАН ҚАНАТТАНҒАН ӘН-ЖЫРАсқар Тоқмағанбетов атындағы Қызылорда қалалық мәдениет үйінде Тәуелсіздік күніне орай Жаңақорған ауданының өнерпаздары өз өнерлерін көрсетті. 
«Жаңақорған – өнер өлкесі» атауымен өткен шығармашылық кеште өнер иелері әсем әнімен, мың бұралған биімен, күмбірлеген күйімен тындармандарының жан-дүниесін баурап алды. Рухани кешті аймақ басшысы Қ.Көшербаев тамашалады. Көрермендер Қаратаудан қанаттанған өнерпаздардың ән-жырына разы болды. 
Тұңғыш Президент күнінен бастау алған аудан өнерпаздарының шашуы жыл соңына дейін жалғасын таппақ. Осы уақытқа дейін облыс орталығында Шиелі, Қармақшы, Жаңақорған аудандары шығармашылық кеш өткізсе, жыл соңына дейін Жалағаш, Арал, Сырдария, Қазалы ауданы мен Қызылорда қаласының, облыстық филармонияның өнерпаздары халыққа ерекше көңіл-күй сыйлайтын болады.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / РУХАНИЯТ 12 желтоксан 2013 г. 1 200 0