СЫРДЫҢ ЖАС ЖҰЛДЫЗДАРЫ

СЫРДЫҢ  ЖАС  ЖҰЛДЫЗДАРЫЖуырда Байқоңырда облыстық мәдениет басқармасы, Байқоңыр қалалық мәдениет, жастар саясаты, туризм және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Сырдың жас жұлдыздары» атты жас таланттар фестиваль-конкурсы тұңғыш рет өткізілді. Конкурсқа Қызылорда қаласы және оның аудандары мен Байқоңыр қаласынан 100-ге тарта өнерпаз өтініш білдіріп, академиялық ән салу, хореография, аспаптық орындау жанрлары  бойынша сынға түсті.
Конкурстың қазылар алқасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның профессоры, Абай атындағы опера және балет театрының солисі, «Құрмет» орденінің иегері Бейімбет Қожабаев, хореограф, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Құралай Сарқытбаева және облыстың белгілі музыка мамандары, Қызылорда музыкалық колледжінің оқытушылары болып,  талапкерлердің өнерін сарапқа салды. Конкурстың қорытындысымен жеңімпаздар анықталып, жүлдегерлер диплом, ақшалай сыйлықпен және осы фестивальға арнайы дайындалған ескерткіш-сувенирлермен марапатталды.
М.МЕРЕЙ. 

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / РУХАНИЯТ 21 қараша 2013 г. 994 0