Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов "Егемен Қазақстан" газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып тағайындалған белгілі журналист Мұрат Жетпісбаевпен кездесіп, қызметіне сәттілік тіледі.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, әріптесіміз жуырда бас басылымның тілшісі қызметіне кіріскен еді. Ол бұған дейін журналистика саласында біраз жыл еңбек етті. Ал жаңа қызметке тағайындалғанға дейін облыстық "Сыр бойы" газеті бас редакторының орынбасары болды.