« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Осы жылдан бастап жергілікті кадрлар үшін Жапонияда біліктілігін арттыруға бағытталған гранттар бөлінеді, деп хабарлайды syrboyi.kz.
Жыл сайын жас дәрігерлер үшін резидентурада оқуға облыс әкімінің гранты бөлінуде, қазіргі таңда 47 резидент даярлануда. Ағымдағы жылы 30 жалпы тәжірибелік дәрігерді оқытуға облыс әкімінің арнайы гранты бөлінді.
Соңғы 3 жыл көлемінде 2018 жылы 399 жас маман денсаулық сақтау саласына тартылып, оның 49% (194) бастапқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарына жіберілді. Осылайша қазіргі таңда бастапқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарының дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші 95% және дәрігерлердің орта медициналық қызметкерлермен арақатынасы 1:3 дейін жеткізілді.
Мамандарды тұрақтандыру мақсатында дәрігерлердің орташа жалақысы 2017 жылмен салыстырғанда 18 пайызға көтерілді (2017ж - 139,7мың теңге, жалпы тәжірибедегі дәрігер - 124,4 мың теңге; 2018ж -164,7 мың теңге, жалпы тәжірибедегі дәрігер -127,2 мың теңге).
Әлеуметтік қолдау ретінде 2018 жылы елдімекендерге жолданған 129 маманға (68 дәрігер, 61 мейірбике) 454,8 млн. теңгеге тұрғын үй несиесі берілген.
Тағы бір айта кетерлігі, дәрігерлер шет елде, соның ішінде Корея мемлекетімен тығыз ынтымақтастықта тәжірибе алмасуда. Әсіресе, неонатология, балалар және ересектер хирургиясы, онкологиялық көмек көрсетуде жаңашыл әдістер енгізілуде.
Биылғы жылы мамандарды көтермелеу – ынталандыру мақсатында қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, шет елдерде, соның ішінде Жапония мемлекетінде білімдерін жетілдіруге арнайы грант бөлінеді.
Анықтама: 2018 жылдың 1 желтоқсанындағы көрсеткіш бойынша халыққа 10 қалалық, 15 аудандық, ауылдық емханалар және 97 дәрігерлік амбулатория, 127 фельдшерлік акушерлік және медициналық (27 фельдшерлік-акушерлік, 100 медициналық) бекеттер бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсетеді.
Осы медициналық көмекке 3 жылда бөлінген қаржы көлемі 32,3% өсіп, жалпы қаржыландырудың 47,1% құрады.
Соңғы 5 жылда республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен 5 аудандық, 2 ауылдық емхана, 36 ауылдық дәрігерлік амбулатория және 13 фельдшерлік - акушерлік, медициналық бекеттер (54 нысан) жаңадан салынып, пайдалануға беріліп, бастапқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарының 63 пайызы жаңартылды.
Сонымен қоса, ағымдағы жылы бастапқы санитарлық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін 25 дәрігерлік амбулатория салу жоспарланып отыр.
Облыстың 14 емханасы жанынан жедел жәрдем медициналық көмек бөлімшелері ашылып, жаңадан 28 жедел жәрдем топтары іске қосылып, олардың саны 2017 жылмен салыстырғанда 57-ден 75-ке дейін өсіп, бір топтың орташа тәуліктік жүктемесі 2 есеге дейін төмендеді (22,23 - ден 12,8-ге дейін). Нәтижесінде жедел жәрдем бригадаларына шақыру түскен сәттен бастап оқиға (шақыру) болған жерге дейінгі жету уақыты орташа есеппен 11,5 минуттан 9,8 минутка дейін қысқарып, нәтижелі реанимация пайызы 44-ке дейін жоғарылады.
«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 145 бейінді кабинеттер ашылып, 3 деңгейлі көмек көрсету жүйесі құрылды.
Ана мен бала денсаулығын қорғау – саланың басым бағыттарының бірі. Республика көлемінде алғашқылардың бірі ретінде, облыс Халықаралық ұйымдармен (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы; ЮНИСЕФ) бірлесіп, 2017 жылдан бастап пилоттық режимде, ал 2018 жылдан бастап барлық жүкті әйелдер мен 0-5 жасқа дейінгі балаларға арналған патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап-прогрессивті моделі енгізіліп, 180 жалпы тәжірибелік аймақ осы жоба бойынша қызмет көрсетуде.
Жоба аясында барлық бастапқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарында дені сау бала кабинеттері мен ресурстық орталықтары ашылып, 5 жасқа дейінгі балалар, оның ішінде әлеуметтік қырағылықты қажет ететіндердің денсаулығы назарға алынды.
Облыстың аймақтық ерекшелігін ескере отырып, әйелдерді жүктілікпен тіркелген уақытында және жүктіліктің 30 аптасында жаппай электрокардиограмма түсіруге міндетті тексеру енгізілді. Нәтижесінде бұрын анықталмаған жүректің туа пайда болған, жүре пайда болған ақаулары және жүрек ырғағының түрлі бұзылыстары анықталып, жүкті әйелдер уақытылы мамандардың кеңесіне, жоғары мамандандырылған медициналық көмек алуға мүмкіндік туды.
2018 жылы Арал және Қазалы аудандық ауруханалары пайдалануға берілді. Қазіргі таңда Шиелі аудандық орталық ауруханасының құрылысы жүргізілуде, биыл нысан салынып бітеді.
Сонымен қатар, Қызылорда қаласындағы онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпсалалы аурухана құрылысының жобасы әзірленуде. Жобаны облыс орталығының сол жақ жағалауында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асыру жоспарлануда.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |