Қазақстан Республикасының түрлі аймақтарында тұратын жүзден астам этностың вокалдық және аспаптық шығармаларының басын қосып, әрбір этносқа тән музыкалық мәдениет пен этникалық ерекшеліктер ғылыми жүйеленген мұндай қомақты еңбекті мен бұрын-соңды кездестірмеген екенмін. Қазақстан халқының Ассамблеясы құрылған жылдан кейін көп ұзамай қолға алынған бұл еңбек Елбасының этностарға қатысты жүргізіп келе жатқан сындарлы саясатының рухани-мәдени жүгін көтере бөліскен.
Мәдениет
15 наурыз 2020 г.
575
0
Әр дәуірдің өзіндік ерекшеліктері болады. Соның бірі сұраныс дер едім. Қай нәрсеге сұраныс көп болса, сол көбейген заман. Қазір не көп? Монша көп, базар көп, нотариус көп. Сосын әнші, жыршы көп. Қайсысы мықты, қайсысы жақсы, қайсысы абзал? Жаман, әлсіз деген анықтамаларды тілге тиек етудің керегі жоқ.
Мәдениет
14 наурыз 2020 г.
890
0
Қазақтың бірқатар өнер мектептері жаңа заманға лайықталып, өміршең өнерге айналды (Мысалы, Ж.Елебеков әкелген Арқаның, Ғ.Құрманғалиев бастаған Мұхиттың әншілік дәстүрі). Алайда жаңа сахнадан өз орнын ала алмай, түбегейлі насихатталмағандықтан, ұлттық санадан өшіп, белгілі бір өлкенің ғана өнері болып қалған өнер түрлері қаншама?!
Мәдениет
14 наурыз 2020 г.
997
0
Ғасырға жуық мерзімді кері шегерсек, қазақ киносының кино әлеміне әупірімдеп қадам басқан кезеңіне табан тірейміз. Әлбетте, кино әлеміне нық-нық қадамдар жасап, сол әлемде таңба қалдыру осы саланың ұшынан ұстағандар үшін өте қиын болды. Өнердің алтын сандығы іспеттес қазақтың кино өнері өз жеңісін Қазан төңкерісінен кейін бастады. Алғаш рет 1938 жылы "Ленфильм" киностудиясында түсірілген "Амангелді" фильмі көгілдір экранға жол тартты.
Мәдениет
14 наурыз 2020 г.
804
0
Жыр терапиясы – Қызылорда өңірінде ғана сақталған мыңжылдық тарихы бар өнер. Бастауын сонау Қорқыт атадан алатын өнер халқымыздың тарихын, идеологиясын, пәлсапалық ойларын осы дәуірге жеткізген.
Мәдениет
11 наурыз 2020 г.
392
0
Абай өз заманында халқына көп нәрсе ұқтырамын деді, ұқпады, өзі айтқандай «қайран сөзім қор болды тобықтының езіне» дегені бір тобықтыны ғана емес, жалпақ жұрты қазағына айтқаны еді. Қазақ қоғамында өмір сахна болса, «мыңмен жалғыз алысқан» тартысты сол сахнада Абай тудырған еді. Бұл – өмір шындығы. Тұрсын Жұртбай ағамыздың: «Өмірдегі шындық біткен жерден, көркем шындық басталады» – деген сөз бар еді. Осы айтылғандай Абайдың драматургиядағы соның ішінде кинодағы көркем шындығы қандай еді, енді қандай болады дегенге біраз ой жүгіртсек.
Мәдениет
08 наурыз 2020 г.
877
0
Қазақ қызының Париж тұрғыны атанғанына сегізінші жыл. Бүгінде ол күллі әлем таңырқай қарап, құрақ ұша ұмтылатын әйгілі мұнарада қызмет етіп жүр. Өзі Моңғолияда туып, төрт жасында тарихи отанына көшіп келген. Қазір ата-анасы мен туыстары ел астанасында тұрады. Бір қызығы, жеті тілге жетік қыз болашақ жарымен әлеуметтік желі арқылы танысыпты. Айсұлу Түркия қазағының өзіне ана тілін үйретуге қатысты өтініш хабарламасын оқыған сәтте оған тәнті болғанын айтады.
Мәдениет
07 наурыз 2020 г.
1 090
0
Арал аудандық тарихи-өлкетану музейінде зерттеуші-теңізші А.Бутаковтың 1850 жылғы алғашқы картасы және күміс қасығы сақтаулы.
Мәдениет
05 наурыз 2020 г.
389
0
Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінде көненің көзіндей кебеже сақтаулы тұр. Ол шамамен 1896 жылдары жасалған. Кебеженің өзгелерден артықшылығы оны жасау кезінде бірде-бір шеге қолданылмаған.
Мәдениет
05 наурыз 2020 г.
902
0
Танып-білген адамға Арал тарихының тамыры тереңде, тағдыры әріде жатыр. Табиғат пен тіршілік, теңіз бен адам тағдырына қатысты бұл өңірдің өзгелерден бөлек өз заңдылығы бар.
Мәдениет
28 ақпан 2020 г.
560
0