Биыл Жаңақорған ауданында жұмыссыздықты азайту, жастарды еңбекке жəне кəсіпкерлікке баулу мақсатында Жаңақорған ауданы бойынша биылғы жылы 6 агроиндустриялық аймақ яғни Жаңақорған кенті, Ақүйік, Сүттіқұдық, Төменарық, Қаратөбе, Қандөз ауылдық округінде ашылды, Жаңақорған ауданы əкімдігінің қолдауымен барлық агроиндустриялық аймақтың жері қоршаланып, аяқ су жеткізілді.
ҚОҒАМ
03 қыркүйек 2018 г.
815
0
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы департаментінің басшысы А.Мұхимов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Е.Тленов «Protecting business and investments» жобасын аймағымызда тиімді жүзеге асыру мақсатында Шиелі ауданында болып, бірқатар өндіріс орындарын аралады.
ҚОҒАМ
03 қыркүйек 2018 г.
861
0
Оқушылардың ала жаздайғы асыр салып ойнаған, бірі қалаға, бірі демалыс орындарына барып тыныққанмерзімдері аяқталып, жаңа оқу жылы басталды. Бала үшін мектеп үлкен өмірге алып кірер киелі босаға болса, ата-ана үшін ол ұрпағына қатысты ең асыл арманына үміт жалғайтын қасиетті ұғым. Сондықтан да халқымыз қашан да білімнің парқын түсіне білген.
ҚОҒАМ
02 қыркүйек 2018 г.
1 357
0
Қазалы ауданында жаңадан ашылған №276 орта мектепте кеше алғашқы қоңырау салтанаты болып өтті.
ҚОҒАМ
02 қыркүйек 2018 г.
1 322
0
Бүгін барлық білім ордалары білім алушыларға есіктерін айқара ашып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндерді ықыласпен қарсы алатын күн.
ҚОҒАМ
01 қыркүйек 2018 г.
943
0
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде 1 Қыркүйек – Білім күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Оған университет ректоры, т.ғ.д., профессор Қ.А.Бисенов, профессор-оқытушылар, студенттер қатысты.
ҚОҒАМ
01 қыркүйек 2018 г.
1 080
0
Құрметті жерлестер!Облыстық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы Ишанқұловтар отбасы енді республика көлемінде бағын сынамақ. Отағасы – Ерғали Ишанқұл 81 жастағы зейнеткер. Тыл ардагері мал шаруашылығы саласында 36 жыл еңбек еткен. Отанасы – Бахира Камардинқызы 80 жастағы зейнеткер. «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегері.
ҚОҒАМ
30 тамыз 2018 г.
613
0
Біздің қазаққа біткен бір қасиет – өнер әлеміне, жалпы ұлттық руханиятымызға араласқан перзенттерінің көбіне-көп ауыл арасынан шығатындығы. Атағы алысқа кеткен дарындыларымыздың түп дерегін дәйектеп көрсеңіз, ата тегі кәдімгі қара шаруа, малшы, балықшы, егінші, жұмысшы болып келеді. Бұның сыры кіндік қаны сорғалап тамған туған топырағының киесінен болса керек. Бас қатырып ойлана жүргендегі патша көңілімізге қазақтың ұлан-байтақ ұлы даласы анау-мынау дейтіні жоқ, тұтасымен киелі-ау дерсіз, сірә. Бұрын советтік дәуірімізде бәріміз бір елміз деп жүргенімізде байқамаппыз. Тәуелсіз елге айналғалы көп жағдайға көзіміз ашылып, қаныға түстік. Жеріміздің киесі болмаса, дербестігімізді алған күннің ертеңіне күллі әлемнің дүрлері тұс-тұстан анталап неге жетіп келді? Содан бері дербестігімізді алып, көңіл көзіміз дүн-дүниеге ашылғалы кеудемізді кеулеген осындай қынулы ой әрбір көзі ашық азаматты толғандырумен келеді. Даламыздың көл-көсір ырғын байлығы оның киесі емес деп айтуға кімнің дәті бара алады. Шет жұртты елімізге шұбыртқан жеріміздің киесі сол шығар-ау.
ҚОҒАМ
30 тамыз 2018 г.
756
0
Шиелілік Тамара Ақмағамбетова – басына түскен қиын тағдырына қарамастан, өмірге деген құлшынысын жоғалтпай, он екі мүшесі сау адамдармен тең еңбек етіп, күнделікті нәпақасын тауып жүрген қайсар жан. Тіпті, оның бойындағы қабілеті, еңбексүйгіштігі мен ертеңгі күнге деген зор сенімділігі көпке үлгі боларлықтай.
ҚОҒАМ
30 тамыз 2018 г.
730
0
Бүгінде Торғай ойпатының қойнауындағы қазынаның игеріле бастағанына 30 жылдан асты. Соңғы жылдары Сыр өңіріндегі жаңа саланың ізашары болған жандар мен олардың еңбегі туралы шама-шарқымыз келгенше жазып келеміз. Сыр мұнайының бұлақ бастауында тұрған азаматтардың біразын танып-білгендіктен, енді бірталайымен қызметтес әрі қанаттас болғандықтан біздің қаламымыздан шыққан дүниелер келешектің қажетіне жарап қалар деп ойлаймыз. Өйткені бұрын-соңды мұнай кәсібімен айналыспаған өлкеде жанкештілікпен жұмыс істеген адамдардың еңбегі тақыр жерді абат баққа айналдырған бағбанның бейнетімен бірдей еді. Олар салған сара жол Сыр мұнайын бүгінгі биігіне жеткізді. Қызылорда мұнайының қалыптасқан сара жолын соқпақтан бастап сүрлеуге айналдырған адамдардың кейбірі өмірден өтіп кетті. Олар туралы білген-түйгеніммен бөлісуді, білмегенімді сұрап алып, есімдерін хатқа түсіріп қалдыруды сол азаматтардың алдындағы парызым сияқты сезінемін.
ҚОҒАМ
30 тамыз 2018 г.
617
0