Астана тұрғыны "Цеснабанк" банкоматының қазақ тілінде қызмет көрсетпейтіне шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Аты-жөнін атағысы келмеген тұрғын редакцияға орыс және ағылшын тілдерінде істеп, қазақ тілінде қызмет көрсетпейтін банкоматты видеоға түсіріп алған. Видеода ер адам бұл банкоматтың Астанадағы сауда орталықтарының бірінде тұрғанын айтады. Роликте "қазақ тілі" батырмасын басса, экран өшеді де, ал орыс және ағылшын тілдерін таңдаса банкомат қызмет көрсетеді.
ҚОҒАМ
17 сәуір 2018 г.
639
0
Сырдария облысы Сайхунабад ауданы тұрғындарымен кездескен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзеев мұғалімдерді мәжбүрлеп көше тазалатуға шығарған шенеуніктерді қатты сынады, деп хабарлайды https://baq.kz/ ақпарат агенттігі.
ҚОҒАМ
17 сәуір 2018 г.
865
0
17 жастағы қызылордалық Бекзатхан Дүйсенбеков – туабітті көз мүгедегі. Соған қарамастан, бір жарым жылдан бері Құран Кәрімнің сүрелерін жаттап жүр. Өткен сенбіде ол Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстық өкілдігі ұйымдастырған Құран байқауына қатысты.
ҚОҒАМ
17 сәуір 2018 г.
1 417
0
Биыл, Қызылорда қаласының 200 жылдығы аясында қала көлемінде ауқымды жоспарлар мен тың жобалар қолға алынуда. Бұл бағыттағы жұмыстарға қаланың жанашыр және белсенді азаматтары да өз үлестерін қосып келеді. Соның бір дәлелі, қаланың құрылыс компаниялары көркейту-көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына ерекше атсалысып жатыр.
ҚОҒАМ
16 сәуір 2018 г.
601
0
ҚР Білім және ғылым министрлігі университеттерді күштеп қысқартпайды. Әрбір мамандық бойынша жоғары оқу орындарының арнайы рейтингі жасалады. Мектеп түлектері соған қарап оқуды таңдаса, сапасыз университеттерге деген сұраныс онсыз да азаяды. Мұндай пікірді Білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында айтты.
ҚОҒАМ
13 сәуір 2018 г.
672
0
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған оқулықтар әсіресе ауыл баласы үшін зор қазына. «Ұлттық аударма бюросы» арқылы оқулықты аудару жобасына қатысты Сүлеймен Демирел университетінің аға оқытушысы, саясаттану бойынша Философия докторы (PhD) Мұхтар Сеңгірбай осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚОҒАМ
13 сәуір 2018 г.
838
0
Алдағы демалыста Қазақстанда Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу күні аталып өтеді. Осы орайда Яндекс Ғашықтар күні қарсаңында қазақстандықтардың қай бағыттарда тақырыптық іздеу жасайтынын зерттеп көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚОҒАМ
13 сәуір 2018 г.
784
0
«Қазақстан» деген жалғыз ауыз сөздің құдіреті мен қасиетін осы жерде туған және осы өлкеде өскен әрбір азаматтың сергек сезінуі парыз. Бұл сөз біздің қанымыз бен жанымыздың ажырамас бір құрамды бөлігі. Қазақ жері, қазақ елі біздің ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа қалдырып кеткен баға жетпес байлығы және асыл мұрасы. Білектің күшімен, найзаның ұшымен ата-бабамыздың жанқиярлық ерліктерінің арқасында елімізде азаттықтың ақ таңы атты.
ҚОҒАМ
12 сәуір 2018 г.
831
0
Сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп, небір тегеурінді қарсылықтарға қарамастан, қайда көп қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын қатты алаңдатып отырғаны анық. Ықылым заманнан бері өз шенін жоғарылату, ешбір қиындықсыз кез-келген нәрседен өтіп кету, болғанды болмағандай етіп шығару секілді көзбояушылық жемқорлықтың әрекеті.
ҚОҒАМ
12 сәуір 2018 г.
1 832
0
Қазақстан Жазушылар одағына «Шаханов дауына» байланысты наразы топ арнайы мәлімдемемен келді. Жамбылдың ұрпақтары мен ақын мұрасын құрметтеушілер, өзге де оқырмандар мен жеке тұлғалардың қояр талабы біреу-ақ: ақынның аруағына тас атып, рухын, жырын қорлауға жол берілмесін!
ҚОҒАМ
09 сәуір 2018 г.
816
0