МҰҒАЛІМДІ МӘЖБҮРЛЕП ЖҰМСАҒАН ШЕНЕУНІК ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТЕДІ

  Сырдария облысы Сайхунабад ауданы тұрғындарымен кездескен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзеев мұғалімдерді мәжбүрлеп көше тазалатуға шығарған шенеуніктерді қатты сынады, деп хабарлайды  https://baq.kz/ ақпарат агенттігі.     Өзбекстан басшысы Самарқан облысында мерт болған жас мұғалім Диана Еникееваның  өліміне өзін кінәлі санайтынын айтты. Еникееваны президент сапары қарсаңындағы жол бойын жинау кезінде КамАЗ көлігі басып кеткен еді. Мұғалімдерді мәжбүрлеп жұмысқа шығарған шенеуніктер қызметтен қуылатынын президент қатты ескертті.

 Аудан белсенділерімен кездескен Шавкат Мирзеев ұстаздардың абаттандыру жұмыстарына тартылуын алғаш мәрте сынады.

Сонымен бірге ол аймақтарға сапары қарсаңында шұғыл түрде жасалатын «көзбояушылық» жұмыстардан хабардар екенін мәлімдеді.

 «Маған бұл аймақ туралы мәліметтерді сапардан бір күн бұрын жеткізеді. Бірақ көптеген орында «көзбояушылық» көп кездеседі. Шынымды айтсам, маған өте ыңғайсыз, мұның бәрінен жиіркенемін. Мұғалімдерге айналаны жинастырып, көше сыпырту - мені ғана емес, менің саясатымды сату», - деді Мирзеев.

 Кездесуде Мирзеев «мақтан сөздер» мен «түрлі жиналыста арнайы дайындалған адамдардың мадақтауларынан» жалыққанын айтты.

ҚОҒАМ 17 сәуір 2018 г. 865 0