Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер мен сала ардагерлерін қабылдады. Кеш иелерін шұғылалы көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
АҚПАРАТ
09 наурыз 2018 г.
543
0
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аяулы аналарды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Шараға өңірдің әр саласында табысты еңбек етіп жүрген нәзік жандылар, көпбалалы аналар, Социалистік Еңбек Ері Сәлима Жұмабекова мен осы күндері 85 жасқа толып отырған еңбек ардагері Алма Ақдәулетова қатысты. Аймақ басшысы мерекемен тұспа-тұс келген мерейтой иесін құттықтап, сый-құрмет көрсетті, облыстың Құрмет грамотасын тапсырды.
АҚПАРАТ
09 наурыз 2018 г.
554
0
Қазақта «қолы қимылдағанның, аузы қимылдайды» деген бар. Ол рас. Қазіргі таңда аудан орталығында кәсіптің көзін тауып, тындырымды тірлік етіп отырған отбасылар жетерлік. Бірі несие алып, несібесін тапса, енді бірі там-тұмдап жиған теңгесіне кәсібін бастауда. Нарықтық заманның көшіне ілігу бүгінгі күннің басты талабы. Іліккен күннің өзінде бәсекеге қабілетті болу шарты тағы бар. Жалпы белсенді әрекет ететін шағын және орта бизнес субъектілері тұрғысынан Жаңақорған өңірі ілгері келеді. Ал осы кәсіпкерліктің жас талғамайтынын жаңақорғандық қария тағы бір мәрте дәлелдеді.
АҚПАРАТ
09 наурыз 2018 г.
759
0
Нәзік жанды қыздардың арасында ерлермен тең түсіп, олар таңдаған мамандық тізгінін еркін әрі бекем ұстай білген әскери саладағы арудың бірі – Мырзалиева Нұргүл Дүйсенбекқызы. Ол облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментте қаржы қызметінің бастығы болып жұмыс жасайды.Лейтенант шенді Нұргүл Арал қаласындағы Қарақұм ауылында дүниеге келген. Мектептен соң Батыс Қазақстан облысы гуманитарлық академиясының қаржы мамандығы бойынша білім алып, 2001 жылы Орал қаласы әскери комиссариатының қаржы бөліміне қызметке қабылданады. Талапшыл, мақсатшыл Нұргүл Батыс Қазақстан облыстық әскери комиссариатында қаржы қызметі бастығының орынбасары қызметіне дейін көтеріледі.
АҚПАРАТ
08 наурыз 2018 г.
779
0
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов аймақтағы нәзікжандыларды мерейлі мерекемен құттықтады. Кездесуге көшбасшы әйелдер, кәсіпкерлер, батыр аналар қатысты.
АҚПАРАТ
08 наурыз 2018 г.
717
0
Қазалының кітапқұмар жұрты тегіс танитын Злила Мұстафаеваны қашанда қарбалас шаруаның ортасынан табасыз. Бірде кітапханада өтетін мәдени шараның басы-қасында жүрсе, кейде жас мамандармен өзінің осы саладағы мол тәжірибесімен бөлісіп, ақыл-кеңесін айтып қанаттандырып отырғанын көресіз. Әсілі, «қанат ұшса қатаяды» деп текке айтылмаған. Мұндай пайдалы кеңестен соң еңбек жолын жаңа бастаған маманның бойында өзіне сенім, жұмысына деген құштарлық қалыптасатыны тағы рас.Зояның әкесі, марқұм Шүйіншалы көкеміз байырғы ұстаз болатын. Ұлы Отан соғысының ардагері Шөкең аса мейірімді, парасаттылығына қоса білімді де өнерпаз жан еді. Осынау өнерге жақындық көкеміздің ұрпақтарының бойына да дарыған. Кезінде Берік, Серік есімді ұлдары гитарада жақсы ойнап көзге түссе, немересі Абай мектепте жүргенде мықты әнші ретінде көрермендерінің талай қошеметіне бөленді. Злиланың кітапқа деген құштарлығы әкенің қанымен дарыған десек, артық емес. Оқу-білімге құштарлық жыл алға жылжыған сайын одан әрі маздай түсті.
АҚПАРАТ
08 наурыз 2018 г.
593
0
Соңғы жылдары өңірде жолаушылар тасымалдау қызметімен заңсыз айналысатындар көбейген. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жаңабаев мәлімдеді.
АҚПАРАТ
08 наурыз 2018 г.
472
0
2018 жылдың 2 айында облыс аумағына түрлі мақсаттармен келген 3179 шетел азаматтары уақытша тіркеуге алынды, оның 469-ы алыс шетелдерден, ал 2710 ТМД елдерінен келгендер.
АҚПАРАТ
07 наурыз 2018 г.
465
0
Ауа райы күрт жылынып сала берді. Наурыз туғалы көбесі сөгілген қалың мұз сеңге айналып, дария бойында бақылау жұмыстары күшейтілді. Бүгінгі таңға жоғарыдан облыс аумағына секундына 220 текше метр су келуде. Ал «Қызылорда» су торабынан секундына 250 текше метр су жіберілуде.
АҚПАРАТ
06 наурыз 2018 г.
508
0
Күн райы жылынысымен коммуналдық қызмет пен төтенше жағдай саласының мамандары үшін нағыз қарбалас басталады. Қытымыр қыста қалың қардың қаупімен күрескендер енді су тасқынына қарсы сақтық шараларын күшейтеді. Кеше төтенше жағдай мен өзге де тиісті мекемелер арасында «Көктем-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды.
АҚПАРАТ
06 наурыз 2018 г.
467
0