Қызылорда ОІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы тарапынан ағымдағы жылдың 14 наурыз − 30 мамыр аралығында «Есірткісіз болашақ» тақырыбында «ОІІД бастығының сыйлығына» Қызылорда облысы көлемінде теледидар, радио және баспасөз тілшілері арасында жыл сайын өткізілетін есірткіге қарсы үздік репортаж және мақала сайысы жарияланды.
АҚПАРАТ
16 наурыз 2018 г.
618
0
Тұрғын үйдегі өрттер, әдетте, түн мезгілінде орын алады. Үйдегі өрт көп жағдайда кішкене алаудың пайда болуымен басталады. Міне, сондықтан өзіңізді және отбасыңызды өрттен қорғау үшін әр кеш сайын мынадай қарапайым әрекетті істеу керек: ең алдымен тұрақты жұмыс істеуге арналмаған барлық электр құралдарын тоқ көзінен ажыратыңыз. Барлық газ құрылғыларын да ажырату керек. Сондай-ақ, артыңыздан шала сөнген темекі қалдығы қалмағанына көз жеткізіңіз.
АҚПАРАТ
15 наурыз 2018 г.
623
0
Қазіргі таңда заманауи технологияның дамыған кезеңінде мектеп оқушыларына «Туберкулез туралы нені білу қазет?» деген сауал қойылса, ғаламтор арқылы ізденіп, толыққанды жауап алатынымыз белгілі. Әрбір отбасы, тұлға өз денсаулығы үшін осылай ізденіп, қолжетімді, тиімді ақпарат-құралдарын пайдаға асыра білсе, бұл біздің халқымыздың санасының оянғанын білдірері сөзсіз. Дегенмен, денсаулық сақтау саласына қарасты барлық мекемелердің қабырғаларына ілінген қабырға газеттеріне қарап қызығушылық таныта қоятындар қатары аз. Әрине, «Тас түскен жеріне ауыр» басымызға іс түскенде ғана жан-жағымызды қармап, көмек сұрап, әрекетке көшетініміз айдан анық. Осындай бейғамсыздығымызды ескере отырып, әлеуметтік маңызы бар ауруларға жататын туберкулездің алдын-алу мақсатында бұл тақырыпты тағы бір қозғауды жөн көрдім. Туберкулез – өте қауіпті де, жұқпалы ауру. Оның тіршілік етуіне, қоғамда бізбен бірге өмір сүруіне қолайлы жағдай жасап отырған ортаның болуы. Ол орта бар. Болмысымыздың бір жағын көрсетіп отыратын әлеуметтік қолайсыз орта, көп балалы аз қамтылған отбасылар, толық емес тұрмысы төмен отбасылар, ішімдікке, нашаға тәуелділер, тұрғылықты мекен-жайы белгісіздер, жазасын өтеп келгендер санын құрайтын орталар жатады. Осы ортаның әрбір азаматы туберкулезден сақтану жолдарын жеткілікті дәрежеде білсе, алдын-ала қаралып, уақытында анықталған жағдайда бұл кеселдің өсуіне, көбеюіне, таралуына жол бермей, әлем бойынша мемлекеттік көрсеткішіміздің нәтижесін төмендетуге әсер ететін, өз пайдасын тигізер еді.
АҚПАРАТ
13 наурыз 2018 г.
1 138
0
Кеше «Достық үйінде» Елбасы ұсынған бес әлеуметтік бастаманы талқылау мақсатында демократиялық күштердің облыстық коалицияның отырысы өтті. Оған аймақтық коалиция мүшелері, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары мен белсенді жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
АҚПАРАТ
13 наурыз 2018 г.
558
0
Қызылорда қаласында БҰҰ миграция жөніндегі агенттігі Халықаралық көші-қон ұйымы үйлестірушілерінің қатысуымен «Кіші кәсіпкерліктегі әйелдер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің баспасөз мәслихаты өтті.
АҚПАРАТ
13 наурыз 2018 г.
497
0
Дүниежүзілік экономикалық форумның 2017-2018 жылдарға арналған жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы есебіне сәйкес Қазақстан 2017 жылдың қорытындысымен туберкулездің таралуы бойынша өзінің жағдайын 2016 жылмен салыстырғанда 2 позицияға жақсартып, 138 елдің ішінен 90-орын алды.
АҚПАРАТ
13 наурыз 2018 г.
1 282
0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыртуды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының негізінде еліміздің барлық өңірлерінде жылына екі рет ер-азаматтарды әскерге шақырту науқаны жүргізіледі.
АҚПАРАТ
13 наурыз 2018 г.
529
0
Қызылорда облыс бойынша мемлекеттік орман қоры жерлері 6 509,7 мың гектарды құрайды. Оның ішінде орманды алқаптар 3 103,2 мың га. Осы орманды алқаптардың 54,7 мың гектары өрт қауіптілігі аса жоғары болып саналады.2017 жылы облыс көлемінде жалпы көлемі 25,3 гектарды қамтыған 3 өрт оқиғасы тіркелді. Оның ішінде Қызылорда орман шаруашылығы мекемесінде 2 өрт (көлемі 5,9 га), Жаңақорған орман шаруашылығы мекемесінде 1 өрт (көлемі 19,4 га) оқиғасы орын алған. Жалпы өрт салдарынан 15,3 га орманды алқап отқа оранып, орман ағаштары жойылып кеткен.
АҚПАРАТ
12 наурыз 2018 г.
805
0
Қазалы ауданында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мерекелік салтанатты шара өтті. Мерекелік шараға 200-ден астам нәзік жандылар қатысты. Олардың ішінде Еңбек ардагерлері, батыр аналар, білім, денсаулық саласының ардагерлері, түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген арулар бар.
АҚПАРАТ
11 наурыз 2018 г.
605
0
Қазақ пайымында ұстаз деген ұғымның орны ерекше. «Алты Алаштың басы қосылған жерде төрдегі орын – мұғалімдікі» деген сөз де бекер айтылмаса керек. Себебі, адам баласының қоғамның бүтін бір мүшесіне айналып, өмірден өз жолын табуына ата-анадан кейін мұғалімнің еңбегі зор. Дәл қазіргі қарыштап дамып бара жатқан қоғамда оларға артылар міндеттің де ауқымы ұлғайды. Соған орай, бүгінде мұғалімнің мәртебесін арттыру мәселесі де орынды көтеріліп отыр. Мұғалім, ол – ағартушы тұлға, өз дәуірінің рухани бет-бейнесі. Сол себепті жүрегінде елдік мүддеге деген ерекше құрмет орын алған жан ғана нағыз ұстаз бола алады. Осындай ұлағат төріндегі ұстаздың бірі – Микеева Ләззат Есенқызы.
АҚПАРАТ
09 наурыз 2018 г.
655
0