« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Қазалы ауданында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мерекелік салтанатты шара өтті. Мерекелік шараға 200-ден астам нәзік жандылар қатысты. Олардың ішінде Еңбек ардагерлері, батыр аналар, білім, денсаулық саласының ардагерлері, түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген арулар бар.
Шара барысында аудан әкімі Мұрат Ергешбаев: «Бүгінгі күн – ерекше күн. Көктемнің айшықты мерекесінде Әйел – Анаға деген ең ізгі ықылас-сезімдерімізбен осында бас қосып отырмыз. Сіздердің ел дамуы жолындағы қосқан өлшеусіз ерен еңбектеріңізге зор ықыласпен ризашылығымды білдіре отырып, көктемнің шұғылалы мерекесімен құттықтаймын» - дей келе, арулар қауымының қоғамдағы мәртебесі мен маңызына тоқталды.
Салтанатты жиын барысында жергілікті өнерпаздар барша қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйласа, бүлдіршіндер де аяулы жандарға әсем әндерін арнады.
Қатысушылардың барлығына аудан әкімінің арнайы сыйлықтары мен гүл шоқтары табысталды.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |