«Жастар таңдайды» - «Молодежь предпоЧИТАЕТ» жобасы аясында өткізілетін видеороликтер байқауының ЕРЕЖЕСІ

1.Жалпы ережелер1.1. Ереже жастардың оқуға ұсынатын кітаптары туралы видероликтер байқауының өткізілу тәртібі мен регламентін анықтайды (әрі қарай –Байқау).1.2. Байқаудың ұйымдастырушысы облыстық Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы.1.3.Байқаудың мақсаты –  жастар өздеріне ұнаған кітаптарын замандастарына ұсыну бағытында түсірілген видеороликтер арқылы кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру
АҚПАРАТ 26 наурыз 2018 г. 811 0

«Жастар таңдайды»

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын  жүзеге асыру мақсатында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында көптеген шаралар ұйымдастырылуда. Рухани жаңғыру үшін, өзгеру үшін, алға ұмтылу үшін білім керек. Ал білім көзі – кітапта. Облыстық кітапхана жастарды кітап оқуға шақыру, оқу мәдениетін, оқу талғамын қалыптастыруға бағытталған «Жастар таңдайды» - «Молодежь предпочитает» атты жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Жобаның мақсаты - жастарды кітап оқуға ынталандыру, әдеби талғамын қалыптастыру, кітапты насихаттау. Жастар оқитын таңдаулы 100 кітапты анықтау.
АҚПАРАТ 26 наурыз 2018 г. 1 134 0
Сора егіп сорлады

Сора егіп сорлады

Өткен жылы шілдеде Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен, «Көкнәр-2017» жедел-профилактикалық іс-шараларын өткізу барысында ауласында сора өсірген азамат ұсталды. Бұл туралы Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ баспасөз қызметі хабарлады.
АҚПАРАТ 26 наурыз 2018 г. 435 0
Облыстық оқушылар айтысы

Облыстық оқушылар айтысы

 А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде қалалық мәдениет және тілдерді дамыту, білім бөлімдерінің қолдауымен «Көктем нұры» атты облыстық дәстүрлі оқушылар айтысы өтті.
АҚПАРАТ 24 наурыз 2018 г. 582 0
Мемлекеттік қызмет пен ел алдындағы міндет

Мемлекеттік қызмет пен ел алдындағы міндет

Мемлекеттік  қызметшіден    мін    іздейтіндер көп.   Қызмет барысындағы халықпен қарым-қатынасы, әріптестермен сыйластығы, тіпті, жұмыстан тыс уақыттағы өмірі де сынға алынады. Демек, олар сөзіне де «қарауыл» қойып сөйлеуі тиіс. Расында мемлекеттік қызметті атқарушы деген міндет қашанда абыройлы болуды талап етеді. Осы мақсатта мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары және әдеп жөніндегі кеңестің қызметін талқылаған «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» тақырыбында жиын өтті. 
АҚПАРАТ 24 наурыз 2018 г. 607 0

Заңсыз сақтаудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу акциясы басталады

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ-нің  нұсқауына сәйкес 2018 жылғы 10 сәуірден бастап республика аумағында тұрғындарда заңсыз сақтаудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция  өткізіледі.
АҚПАРАТ 19 наурыз 2018 г. 616 0

ОРМАН ӨРТТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ МЕН 2018 ЖЫЛҒЫ ӨРТ ҚАУПІ БАР МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Облыс бойынша мемлекеттік орман қоры жерлері 6 509,7 мың гектарды құрайды. Оның ішінде орманды алқаптар 3 103,2 мың гектар. Осы орманды алқаптардың 54,7 мың гектары өрт қауіптілігі аса жоғары болып саналады.
АҚПАРАТ 18 наурыз 2018 г. 1 018 0

МӘМС: МӘЛІМЕТ КӨШІРМЕСІН ҚАЙДАН АЛАДЫ?

Азаматтар І жартыжылдықтың соңына қарай өз атына аударылған МӘМС төлемдері туралы мәліметтің көшірмесін ХҚКО-дан ала алады.
АҚПАРАТ 18 наурыз 2018 г. 581 0

БІРЫҢҒАЙ ОПЕРАТОРҒА БІРІГУ – ТИІМДІ БАСТАМА

Облыс елді мекендерін ауызсумен қамтамасыз етуде топтық су құбырларының маңызы ерекше. «Қазсушар РМК «Арал» салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы  филиалы Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі және Жаңақорған аудандарының 219 мыңнан аса халқы шоғырланған 96 елді мекенді «Арал – Сарыбұлақ», «Жиделі» және «Октябрь» топтық су құбырлары арқылы ауыз сумен қамтамасыз етіп келеді. Осы топтық су құбырларына қосылған барлық елді мекендердің ішкі ауыз су жүйелері филиалдың пайдалануында.
АҚПАРАТ 17 наурыз 2018 г. 836 0
Бағдарлама шеңберінде акция өтті

Бағдарлама шеңберінде акция өтті

«Нұр Отан» партиясы Сырдария аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің бастамасымен «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бойынша азаматтарды Бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциясы» көшпелі қабылдау түрінде жұмыспен қамту орталығында болып өтті.
АҚПАРАТ 16 наурыз 2018 г. 503 0