Бүгін «Қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін кім және қандай жағдайларда отставкаға өтініш беру қажет» тақырыбы бойынша брифинг өтті. Жиын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязовтың төрағалығымен және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев, жергілікті атқарушы органдар басшылығының қатысуымен ұйымдастырылды.
АҚПАРАТ
12 наурыз 2020 г.
476
0
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
АҚПАРАТ
11 наурыз 2020 г.
433
0
22 ақпаннан бастап Үкіметтің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1427 қаулысымен бекітілген Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 ақпандағы №30 қаулысымен енгізілген түзетулер күшіне енді.
АҚПАРАТ
11 наурыз 2020 г.
230
0
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті Қызылорда облысының Шиелі ауданында 2019 жылдың желтоқсан айында іске қосылған жаңа 50 мегаваттық «Байқоңыр» күн электр станциясы 2020 жылдың 7 наурызында сағ. 20: 47 мин өзіндік электр энергиясы түнгі уақыт пен күн сәулесінің болмауына байланысты өндірілмегенінен авариялық түрде сөндірілуін хабарлайды.
АҚПАРАТ
10 наурыз 2020 г.
473
0
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңның (бұдан әрі – Заң) 41-бабы мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылды: «5. Егер қызметкер арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдегерлік қызмет органдарындағы қызметтен, әскери қызметтен шығарылған немесе іссапарға жіберілген күннен бастап және оны құқық қорғау органдарына қызметке қабылдаған күнге дейін үш айдан астам уақыт өтпесе, оның көрсетілген кезеңде өзге жеке және заңды тұлғалармен еңбек қатынастары болмаған жағдайда, құқық қорғау қызметінің өтілі үздіксіз болып есептеледі».
АҚПАРАТ
10 наурыз 2020 г.
432
0
Бұл қызмет түрін Еgov.kz порталы арқылы жүзеге асыруға болады.
АҚПАРАТ
10 наурыз 2020 г.
164
0
Қазіргі уақытта әрбір үйде бір ноутбуктен бар. Кеңсе жұмысында ноуттсыз істеуді елестете алмаймыз. Ноутбуктың ұзақ жұмыс істеуі үшін мына ережелерді есте сақтаңыз.
АҚПАРАТ
09 наурыз 2020 г.
749
0
Осы жапондардың ойлап таппайтыны жоқ. Жасарудың сырын ашуға талпынғандардың арасында оқ бойы озық тұрған да осы күншығыс елінің ғалымдары. Бұдан біраз уақыт бұрын жапон ғалымдары ұлудан адамды жасартатын, ағзаны сауықтыруда жәрдемі тиетін дәрі-дәрмек жасап шығарған еді. Енді олар ұлудан дәрі ғана емес, косметикалық сұйықтықтық жасауды қолға алып, оны тәжірибеге енгізіпті.
АҚПАРАТ
08 наурыз 2020 г.
704
0
Еуропада тұратын Әлібек пен Даниал нағыз қазақы қасиетті бойға жиған ұландар болып ержетіп келеді. Обал мен сауаптың не екенін кішкентайдан білді. Содан болса керек екеуі көшеде жатқан нан, жартылай тістеп тасталған жеміс қалдықтарын жинап, қоқысқа тастап жүретіні бар. Ас қайыру, жұма сайын жеті шелпек пісіріп, аруақтарға құран бағыштау олардың отбасында бұлжымай орындалатын салт-дәстүр. Екеуі француз, орыс мектебіне барса да, үйде тек қазақша сөйлеседі. Қазақы мінезді сақтау «демократия, әр бала ойындағасын еркін білдіруге құқы бар» деп үйрететін Бельгияда әрине оңай емес.
АҚПАРАТ
07 наурыз 2020 г.
578
0
Ел медицинасының тарихында тұңғыш рет қазақстандық дәрігер Нобель медалін алды.
АҚПАРАТ
07 наурыз 2020 г.
260
0