Байқоңыр күн электр станциясының авариялық ажыратылуы

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті Қызылорда облысының Шиелі ауданында 2019 жылдың желтоқсан айында іске қосылған жаңа 50 мегаваттық «Байқоңыр» күн электр станциясы 2020 жылдың 7 наурызында сағ. 20: 47 мин өзіндік электр энергиясы түнгі уақыт пен күн сәулесінің болмауына байланысты өндірілмегенінен авариялық түрде сөндірілуін хабарлайды. 
Бұл ретте электр энергиясы ұлттық электр желісіне берілетін 220/20 кВ "Байқоңыр" жоғарылататын қосалқы станциясы, 220 кВ секциялық ажыратқышы, 220/20 кВ "Байқоңыр" және 220 кВ "РУ-6" қосалқы станциялары арасындағы 220 кВ Л-2599 электр беру желісі күн электр станциясы өндіретін 10 МВт - тан астам электр энергиясын ұлттық электр желісіне беруін толығымен тоқтатты. "Байқоңыр Солар" электр станциясының және "КЕГОК" АҚ 220 кВ ұлттық электр желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды жою шаралары сағ. 22:38мин. жүргізілді.
2020 жылғы 7 наурызда сағ 23:50 мин 220/20 кВ "Байқоңыр" қосалқы станциясында 220 кВ секциялық ажыратқыш және 220/20 кВ "Байқоңыр" және 220 кВ "РУ-6" қосалқы станциялары арасындағы 220 кВ Л-2599 электр беру желісі өзіндік электр энергиясы түнгі уақыт пен күн сәулесінің болмауына байланысты өндірілмегенінен қайта авариялық түрде сөндірілді, осылайша күн электр станциясы толық токтан ажыратылды. "Байқоңыр Солар" электр станциясының және "КЕГОК" АҚ 220 кВ ұлттық электр желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды жою шаралары сағ. 00:19мин жүргізілді.

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің облыс бойынша аумақтық департаменті
АҚПАРАТ 10 наурыз 2020 г. 474 0