Интернетсіз бір күн

Интернетсіз бір күн

  Бірден айтайын, «интернетсіз өмір сүре аламын, оның маған қажеті шамалы» десем, жалған сөйлеп тұрғаным белгілі болып қалар. Дегенмен, өзімді интернетке соншалықты тәуелді жандардың қатарына жатқыза қоймас едім. Ата-анамның жеке смартфон алып бергеніне әлі жыл да тола қойған жоқ. Әлеуметтік желіде екі ғана топқа мүшемін: бірі туыстар болса, екіншісі сыныптастарым. Жасөспірім болғандықтан «YouTube» негізінен қыздарға арналған бейнелерді қараймын. Мысалға айтсам, шаш үлгілері, сәнді киімдер немесе тәтті тағамдарды әзірлеуді үйрететін роликтер. 
Әлеумет 23 қаңтар 2020 г. 1 921 0
«Томиристі» көргенде...

«Томиристі» көргенде...

«Тұмар ханша туралы кино түсіріледі» дегеннен-ақ ел эфирге шығар сәтін асыға күтті. Сөз жоқ, «Томирис» – кірпік қақпай көруге тұрарлық тарихи киножоба. Әсіресе, басты рөлдегі актрисаның отты жанары, сақ қыздарының жауынгерлік шеберлігі кім-кімді де сендірді. Содан да болар, кинотеатрдағы көрсетілімнен кейін қызылордалық көрермендер ұзақ уақыт қол соқты. Залда фильмге қатыс­ты ешкім жоқ. Бірақ, мұны өткенімізді мақтан тұту мен ризалықтың белгісі деп ұқтық. Сәлден кейін эмоция басылды. Сонда ғана кинода «мұны да қосқанда болар еді» дейтін тұстар бары байқалды. Сонымен, «Томиристен» не түйдік? 
РУХАНИЯТ 23 қаңтар 2020 г. 428 0
Тарихпен сабақтас  танымдық дүние

Тарихпен сабақтас танымдық дүние

Сыр топырағынан шыққан талантты ақындардың бірі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Толыбай Абылаевтың есімі әдебиеттің айналасында жүрген шығармашылық адамдарына жақсы таныс. Жуырда ақынның «Нұртуған шайыр» атты кітабы жарыққа шықты. ХІХ-ХХ ғасырларда өмір сүрген, Сыр бойынан шыққан әйгілі Нұртуған шайырдың  кешкен тағдыры мен  кемел ойлы ақындығы жайлы толғанысты дастаны – көркем тілмен кес­теленген келісті шығарма.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 қаңтар 2020 г. 355 0

Заң жаңа өзгерістермен толықтырылды

Бірқатар заңнамалық актілерге қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені мәлім. Бүгінде заң күшіне енді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс прокурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібаев, облыстық полиция департаменті Тергеу басқармасының бастығы Әбдібек Жаназаров, облыстық полиция департаменті  жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Азамат Оспанов, облыстық көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Қамитбеков мәлімдеді.
АҚПАРАТ 23 қаңтар 2020 г. 225 0
Тату елдің тұғыры биік

Тату елдің тұғыры биік

Биыл Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылғанына ширек ғасыр толады. Осы уақыт аралығында ол ұлттар арасындағы татулық пен бірліктің, қоғамдағы тұрақтылықтың алтын көпіріне айналды. Қиын жылдарда Сыр өңірінен сая тапқан сан ұлттың ұрпақтары бүгінде туған жерді түлетуге еңбек сіңіріп келеді. Мереке қарсаңында облыстық ҚХА-ның хатшысы Ләйлә Төрешовамен әңгімелескен едік.
Cұхбат 23 қаңтар 2020 г. 1 226 0
Ақбастыда екі балық цехы ашылды

Ақбастыда екі балық цехы ашылды

Жуырда шалғайдағы Ақбасты ауылында екі бірдей балық өңдеу цехы қолданысқа берілді. Оның бірі балық қабылдап, сақтауды жүзеге асырса, екіншісі балықтан бұқтырылған консервіні тұтынушыға ұсынады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 қаңтар 2020 г. 752 0
Дарханның қармағы

Дарханның қармағы

Ауыл сыртында Октябрь атты канал бар. Суды кәдімгі Шіркейлі каналынан алады. Бақшамыз сол тұста болған соң, сол жердегі бес-алты үйдің баласы бірігіп қармақ құрамыз. Тіпті қалтқыны ауыртпалыққа жақын тастап, қай балық қауып жатқанын көріп тұрасың. Суының мөлдірлігі ғой. Дарханның бізден бес-алты жас үлкендігі бар. Ол да бізбен бірге қармақ құрады. Бір ерекшелігі, балық біткеннің бәрі Дарханның қармағына құмар.
ӘДЕБИЕТ 23 қаңтар 2020 г. 985 0
Ұлт руханияты тың дүниелермен толықты

Ұлт руханияты тың дүниелермен толықты

Сыр өңірінің «Алаштың анасы» атануы тектен-тек емес. Тұран ойпатындағы алып өлкенің түп-тамыры – ұлттық рух пен тарихи танымның бастауы. Сондықтан ғасырлар бойы қаншама ғылыми еңбектерге арқау болса да, туған жердің тылсым сырлары толассыз толыға түсуде. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында жыл бойы жүргізілген жүйелі жұмыстар өз жемісін берді. «Сыр бойының сакралды ескерткіштері: мифтер, аңыздар, хикаяттар», «Қасиетті Қазақстан» энциклопедия­сы және атақты шайыр Тұрмағамбет Ізтілеуовтің жаңадан табылған қолжазбасы негізінде «Алаштың асыл мұрасы» атты шығармалар жинағы жарыққа шықты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 қаңтар 2020 г. 948 0
Бұлыңғыр түс

Бұлыңғыр түс

Қыс ауасы, тыныштық. Ақпанның 3-і. Кешкі ас ішіліп болғасын, үй ішінде достар жиналып әдеттегідей карта ойнауға кірісті. Қарбаластан шаршағасын десем болмас, тағдырларының бүгінгі санына карта ойыны жазылған болар! Ішінде жалғыз студент бар. Биыл Алматының белгілі бір университетінің магистратурасына оқуға түскен-ді. Асып, толған білімімен түсті деуге келмес, біздің қоғамның сұрауы ақша ғой. Ол оқуға көлемді ақша беріп түскені тағы бар. Алайда, берген ақшасына үлкен сенім артатын секілді. Сабаққа көп бармайды, салғырт қарайды. Есімінің өзі қызық, Өзгеріс...
ӘДЕБИЕТ 23 қаңтар 2020 г. 801 0
ҰБТ-ның алғашқы сынағы өтті

ҰБТ-ның алғашқы сынағы өтті

Елімізде 2020 жылдың алғашқы ақылы ҰБТ-сы басталды. Нақтырақ айтсақ, 18-20 қаңтар аралығында өткен  білім сынағына елімізде 95 мыңнан астам талапкер қатысқан. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 қаңтар 2020 г. 508 0