Көлік қатынасы тұрғысында облыс бойынша даму айтарлықтай қарқын алды. Өткен жылдың шілдесінен бастап аймақ тұрғындарына Ресей астанасы Мәскеуге әуе жолы арқылы тікелей жетуге мүмкіндік туды. Аптасына төрт мәрте «Мәскеу-Қызылорда-Мәскеу» рейсі маршруты қолға алынды. Сұранысқа ие бұл бастамаға байланысты ресейлік «Аэрофлот» компаниясымен биылғы наурызға дейін келісімшартқа қол қойылды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
16 ақпан 2019 г.
603
0
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 600-ден астам қызметкері қан тапсырып, қан қорын280 литрге толықтырды. Еліміздің барлық филиалдарын қамтыған донорлық акциясы аясында халыққа қызмет көрсету орталықтарында қан алу орындары ұйымдастырылды. Сондай-ақ бірқатар қалада қан тапсыру шарасы қан орталықтарында өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
16 ақпан 2019 г.
407
0
Қазақстанның салық жүйесі бүгінде дамудың тұрақты арнасына түсті. Елбасы жыл сайынғы Жолдауларында экономиканың, қоғам мен мемлекеттің тұрақтылығы үшін басқа салалармен қоса салық жүйесіне қатысты да уақыт талабына сай реформаларды жария етіп келеді. Салық реформасының басты мақсаты – экономикалық ахуалдың күрделі кезеңінде бизнес саласының аяғынан шалмай, керісінше заң аясында демеу көрсете отырып, ел экономикасының дамуына ықпал ету, жасырын бизнестің «көлеңкеден» жарыққа шығуына, «қолма-қол ақшасыз» жүйені реттеу арқылы сыбайлас жемқорлықтың, жең ұшынан жалғасушылықтың жолын кесіп, таза, мөлдір салық саясатын қалыптастыру. Осы орайда бизнес өкілдеріне биылғы жылы да көптеген жеңілдіктер жасалып отыр. Соған байланысты салық заңнамасына енгізілген өзгерістер жөнінде Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Гүлдана Таңатовамен сұхбаттасқан едік.
Cұхбат
16 ақпан 2019 г.
1 157
0
Биыл Кеңес Одағы әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 30 жыл толып отыр. Осыған орай аймағымызда «Ерлікке, елдікке тағзым!» атты іс-шара өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
16 ақпан 2019 г.
793
0
Жаңақорған ауданы кәсіпкерлік саласы бойынша үздіктер қатарында. Ондағы әрбір ауылдың өз кәсібі бар. Бірі егіншілік болса, бірі шаруашылық, енді бірі жеңіл жұмыстың көзін тауып кәсіпке айналдырып отыр. Солардың қатарындағы Аққорған ауылында мемлекеттік бағдарламаның арқасында қайтарымсыз грант, жеңілдетілген несие алып, мал басын көбейтіп, кәсібін кеңейтіп отырған кәсіпкерлер жетерлік.
ДӘУЛЕТ
16 ақпан 2019 г.
608
0
Биыл Кеңес Одағы әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 30 жыл толып отыр. Осыған орай аймағымызда «Ерлікке, елдікке тағзым!» атты іс-шара өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
16 ақпан 2019 г.
459
0
Қазақ қай заманда да азаттық үшін аянып қалған жоқ. Жаудан елі мен жерін қорғай білді. Керей мен Жәнібек, Тәуке мен Әбілқайыр, Абылайлар бастаған ұлы көште Қабанбай, Наурызбай, Есет, Текей, Жанқожа, Бұқарбай сынды батырлар ел-жұрты мен ұлан-байтақ жері үшін ат арқасына қонды. Ұлт Алаштары Бөкейхан, Сәкен, Ахмет пен Міржақыптар ше? Өзге елді жаудан қорғап, ұлы ісі үшін қан майданда жан берген Төлеген мен қазақтың қос шынары Әлия мен Мәншүктің ерлігі кімге үлгі болмады? Ал, ауған соғысында интернационалдық парызын өтеп келген азаматтардың ерлікті істерін қалайша ұмытарсың.
ТАҒЫЛЫМ
16 ақпан 2019 г.
540
0
Канадалық технологиялар жылу және сумен жабдықтау құбырларының қызмет мерзімін 1,5-2 есе ұзартуға мүмкіндік береді. «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ және канадалық Black Powder Solutions компаниясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Басты мақсат – Қазақстан Республикасының коммуналдық шаруашылығын дамыту үшін бірлескен жобаларды жүзеге асыру. Осы құжатта көрсетілгендей, екі тарап бойынша озық технологиялар арқылы ұзақ мерзімді
Экономика
16 ақпан 2019 г.
1 909
0
Жастар жылының шымылдығы Сыр елінде республикалық ақындар айтысымен ашылды. «Жастар жырлайды» атты сөз бәйгесі дала данышпаны Әйтеке бидің 375 жылдығымен қабат атап өтілді. «Арғымақтан тай озады» демекші, аламанда ауыздығымен алысқан құлагерлермен қатар, шаршы топ алдына жаңадан шығып жүрген жастар да аталы сөз айтып, көптің көңілінен шықты. Айтыстың ашылу рәсімінде облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов Жастар жылының мұндай игі шарамен басталуында үлкен символикалық мән барын ерекше атап өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
16 ақпан 2019 г.
601
0
Жалағаш ауданындағы Мәдениет ауылы аймақтағы тіректі елді мекендер қатарында. Сондықтан мұнда клуб, балабақша, спорт мектебі жаңадан салынып, жұмысын жолға қойған. Ғимараты жаңадан салынғаны болмаса, бұл саладағы жұмыс он жылдан бері жүйелі жүргізіліп келеді. Жуырда бокстан Қазақстан құрамасының капитаны, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев пен оның жаттықтырушысы Ғалым Байғұндиев бастаған былғары қолғап шеберлері осы спорт мектебінің оқушыларымен кездесті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
16 ақпан 2019 г.
427
0