Сыр өңірінде 178 мың гектар алқапқа дән себіледі

Сыр өңірінде 178 мың гектар алқапқа дән себіледі

Қызылорда облысының шаруалары көктемгі дала жұмыстарына дайындықты бастап кетті. Қолдағы техникалар жаңаланып, жөнделу үстінде. Жанар-жағармай, қосалқы бөлшектер қоры жасақталып жатыр. Ағымдағы жылы Сыр диқандары 178 мың гектар алқапқа дән сеппек. Оның жартысына күріш, қалғанына мал азығы мен бау-бақша дақылдары егіледі. Биыл сондай-ақ майлы дақылдарға баса мән берілмек. Мәселен, Қармақшы ауданының «Тұрмағамбет» және «Жаңа жол» шаруа қожалықтары 40 гектардан соя өсіруді жоспарлап отыр. Жетісу өңірінен «Жансая» сортының 6 тоннадай тұқымы әкелінді. Күрішке қарағанда суды аз мөлшерде қажет ететін сояның өтімділігі мен пайдасы да шаш етектен көрінеді. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 ақпан 2019 г. 374 0
Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

2019 жылы наурызда қазақстандықтарды екі демалыс күні күтіп тұр - 8 наурыз және Наурыз мейрамы. Сондықтан наурыз айында қазақстандықтар 14 күн демалады және 17 жұмыс күні болады, - деп хабарлайды Uchet.kz.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 ақпан 2019 г. 462 0
Қызылордада жасөспірімдер арасында қылмыс өршіп тұр

Қызылордада жасөспірімдер арасында қылмыс өршіп тұр

 Қызылорда облысында кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыс өршіп тұр. Былтыр Жаңақорғаннан өзге аудандардың барлығында олардың қатысуымен болған қылмыс саны  3-4 есеге артып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 ақпан 2019 г. 420 0
«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау басталды

«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау басталды

«Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлері үшін конкурсқа қатысуға құжат қабылдау басталды. Бұл туралы ҚазАқпарат «Халықаралық бағдарламалар орталығының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 ақпан 2019 г. 459 0