Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

     2019 жылы наурызда қазақстандықтарды екі демалыс күні күтіп тұр - 8 наурыз және Наурыз мейрамы. Сондықтан наурыз айында қазақстандықтар 14 күн демалады және 17 жұмыс күні болады, - деп хабарлайды Uchet.kz.

    8 наурыз жұма күніне тұспа-тұс келіп тұр. Сондықтан Халықаралық әйелдер күні үш күнге созылады - 8-нен 10 наурызға дейін, сенбі және жексенбі күндерін қоса есептегенде. 
   ҚР мереке күндері туралы заңына сәйкес Наурыз мейрамында қазақстандықтар 21-23 аралығы демалады. 23 наурыз сенбіге тұспа-тұс келеді. Сол үшін демалыс күні 25 наурыз дүйсенбіге ауысады. Наурыз мейрамында қазақстандықтар 5 күн демалады - 21-25 наурыз аралығы.  


Дереккөз: tengrinews.kz
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 ақпан 2019 г. 462 0