Кейде адамның жазбасына қоймайтын жағдайлары болады. Яғни еріксіз жазасың. Қазақтың ақиық ақыны Әбділда Тәжібаев жайлы қалам тербеу менің көптен бері ойымда жүрді. Бірақ соның бір сәті түспеді. Дәлірек айтсам жүрексіндім. Өйткені мен әбділдатанушы емеспін, ол кісі туралы зерттеп, ізденген ғалым емеспін. Осылайша он ойланып, жүз толғанып қорқасоқтап жүрсем, бір кісі ақынмен небәрі үш-төрт сағат қана сұхбаттасқандағы әңгімесін қайта-қайта жазып, таусылмайтын жыр қылды. Содан кейін: «Менікі осы не тартыншақтай беру?» деп түйдім. - Мен ақынның жанында санаулы сағат емес, аттай алты жыл болдым ғой. Оның үстіне бала кезден басталған үлкен арманыма қол жеткізіп, журналист мамандығын алуыма жәрдемдескен бірден-бір қамқор жан емес пе?! Сонымен қатар биыл қаламгердің туғанына – 110 жыл. Ендеше не кідіріс?
ҚОҒАМ
05 ақпан 2019 г.
746
0
Қызылорда облысында өткен жылы мемлекеттік қызметтердің 83 пайызы электронды түрде көрсетілген. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 43 пайызға артқан. Ал, қағаз түріндегі көрсетілген қызметтер саны 38 пайызға азайған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
05 ақпан 2019 г.
444
0
Қызылордада Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысының кезекті отырысында мемлекеттік органның, нақтырақ айтқанда кәсіпкерді әуре-сарсаңға салған қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің мәселесі қаралды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
05 ақпан 2019 г.
902
0
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаттары, Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракция мүшелері Абзал Ералиев, Нұрлан Дулатбеков, Бейбіт Мамраев, Бақтияр Мәкен, Кәрібай Мұсырман аймаққа іссапармен келіп, өңірде Елбасы Жолдауы мен бес әлеуметтік бастамадан туындайтын міндеттердің орындалуы барысын бағамдады. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев халық қалаулыларын аймақтың тыныс-тіршілігімен таныстырды. Ең алдымен мәжілісмендер Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Архив-2025» бағдарламасының өңірлерде орындалуын көріп, архив ұжымымен кездесті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
05 ақпан 2019 г.
453
0
Шиелілік кәсіпкер Мөлдір Дүйсенова жетім балаларды, толық емес, аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан балаларға ағылшын тілін тегін үйретуде.
АҚПАРАТ
05 ақпан 2019 г.
302
0
Қармақшы ауданында аудандық азаматтық қорғаудың 15 қызметі бойынша оқу-жаттығу жиыны өтті.
АҚПАРАТ
05 ақпан 2019 г.
283
0
Өткен жылдың мәресінде Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен «Индустрияландырудың екенші бесжылдығы. Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық телекөпірі барысында Сыр өңірінен қуаттылығы жоғары тампонажды цемент зауыты іске қосылды. Қысқа мерзімде бой көтерген зауыттың тыныс-тіршілігімен танысу үшін біз оңтүстіктегі ауданға арнайылап сапарлап бардық.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
05 ақпан 2019 г.
607
0